18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналады? Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында 18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналуы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы аясында 18 жасқа толғанға дейін балалардың есепшотында қанша ақша жиналуы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook-парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Президенттің бастамасымен Балалар жылының аясында "Ұлттық қор – балаларға" атты жаңа бағдарлама іске қосылады. Оған сәйкес, 2024 жылдан бастап Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50 пайызы балалар 18 жасқа толғанға дейін олардың арнаулы жинақтаушы есепшотына аударылады.

"Жинақталған қаржы балалар кәмелет жасына толғаннан кейін олардың баспана немесе білім алуына жұмсалады.

Үкімет пен Ұлттық банктің есебі бойынша елімізде жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Әр бала 18 жасқа толғанша олардың есепшотында кемі 3 мың АҚШ долларына тең қаражат жиналады", - деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети