18 тамыз 2018 | 09:54

18 тамызда ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

"Қазгидромет" орталығы 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

"Қазгидромет" орталығы 18 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағының кей жерлерінде найзағай болып, жаңбыр жауады, екпінді жел күтіледі, батыста дауыл және шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Қазақстанның оңтүстік пен оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Атырау облысында күндіз жел, дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Қостанай облысында жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Солтүстік Қазақстан облысындың кей жерлерінде түнде және таңертең тұман күтіледі, күндіз жел күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан, түнде Қарағанды, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жел күшейеді. Ақмола облысының кей жерлерінде түнде және таңертен тұман күтіледі.

Алматы облысының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Түркістан облыстарының басым бөлігінде, Жамбыл, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети