26 сәуір 2022 | 14:12

"180 күн әлі біткен жоқ". Министр Ақшолақов газ бағасы туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазақстандықтарға газ бағасы бірнеше санат бойынша өседі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтарға газ бағасы бірнеше санат бойынша өседі. Бұл туралы энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап берген Ақшолақов газ бағасы неге көтерілетінін түсіндірді. Оның айтуынша, қазір Қазақстанда газ арзан.

"Экспорттық түсімдердің жоғарылауына байланысты ел ішінде бағаның төмен деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік туды. Бірақ ішкі тұтыну өсіп жатыр, ал газ өндірісі өспейді, сондықтан экспортты қысқартуға мәжбүрміз. Экспорт 2024 жылдан кейін нөлге түседі деп күтеміз, экспорт болмайды, сондықтан Қазақстанда төмен бағаны ынталандыратын көз болмайды. Газдың бағасын көтеруге тура келеді", - деді Ақшолақов.

Ол газ тұтынушылар топтарға бөлінетінін түсіндірді.

"Халық, бұл қасиетті. Ол халыққа онша өспейді деп ойламаймын. Бірақ газдың нақты құнын төлей алатын және төлеуге тиіс тұтынушылар тобы бар. Бұл толығымен экспортқа және валюталық түсімге бағытталған кәсіпорындар. Майнерлер де газға жақсы баға төлеуі мүмкін. Коммуналдық немесе әлеуметтік бағыттағы кәсіпорындарды басқа топқа бөлу керек", - деді министр.

Сенат депутаты Ерік Сұлтанов бұған дейін ішкі газ бағасы 60 пайызға қымбаттауы мүмкін екенін айтқан болатын. Ақшолақов бұл орташа көрсеткіш деп түсіндірді.

"Қазір барлық есептеуді жүргізіп жатырмыз. Бәлкім, халықтың кейбір топтары үшін 2 есе өсім болуы мүмкін, мысалы, бұл - өнеркәсіптік кәсіпорындар. Халық үшін басқа баға болады, бұл сегменттелген және бар нәрсеге негізделуі керек. Бірақ арзан өнімдер үнемдеуге әкелмейді.

Бұл концепцияны енді ғана жасап жатырмыз, бізге 180 күн бойы бәрін ойластыру тапсырылды, ал бұл 180 күн әлі біткен жоқ. Бізде әлі ойлануға уақыт бар", - деді министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети