180 пайыз табыс: Астанада S-Group схемасы тергеліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

180 пайыз табыс: Астанада S-Group схемасы тергеліп жатыр Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

ҚМА Астана бойынша департаменті Sincere Systems Group LTD (S-Group) қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Астана бойынша департаменті Sincere Systems Group LTD (S-Group) қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін ұйымдастыру және басқару дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

S-Group компаниясы өзін Ұлыбританиядағы инвестициялық қор ретінде таныстырып, Forex нарығында сенімгерлік басқару, майнинг және SWP, SWCT ішкі криптотокендерімен сауда жүргізу қызметін ұсынатынын мәлімдеген. Салымшыларға айына 15-20 пайыз, жылына 120-180 пайыз көлемінде табыс уәде етілген.

"Инвестициялық қызмет шынайы жүргізіліп жатқандай көрінуі үшін қатысушыларға компанияның сайтындағы жеке кабинетке кіруге рұқсат берілген, онда виртуалды депозиттер, табыстың өсімі және есептелген қаражат көрсетілген. Алайда іс жүзінде салымшылардың қаражаты инвестицияланбаған, күдіктілердің жеке қажетіне жұмсалған", - деп жазылған ҚМА хабарламасында.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 136 млн теңгеден асты. Қылмыстық жолмен келген табысқа ұйымдастырушылар елордадан 2 пәтер және 2 көлік сатып алған. Оларды сенімді тұлғалардың атына рәсімдеген.

Сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Күдіктілерге бұлтартпау шарасы ретінде елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат қолданылды. Тергеу жалғасып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети