19 қазан - Құтқарушылар күні

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 қазан - Құтқарушылар күні

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе қаласының әкімі Асхат Берлешұлы Шахаров азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құтқарушылардың ең басты міндеті адам өмірін құтқару. Биыл азаматтық қорғау органдарына - 27 жыл.

"Адам басына қауіп-қатер төнген кезде алдымен Сіздердің көмектеріңізге үміт артады. Тәуліктің қай мезгілінде болмасын өртсөндірушілер мен құтқарушылар қиындыққа тап болған жандарға көмек көрсетуге дайын тұрады.

Отанымыздың басты құндылығы - адам өмірін сақтай отырып, ағымдағы жылдың 9 айында біздің құтқарушылар 3 мыңға жуық авариялық-құтқару жұмыстарына шықты. Нәтижесінде, 700-ден астам адамды құтқарып, 900-ден астам адамды қауіпсіз жерге көшірді", - деді әкім.

Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні Ақтөбе қаласының аумағында 188 (2021- 233, 20 пайызға азайған) өрт тіркелген, өрттің салдарынан 3 (2021-4) адам қаза тауып, 6 (2021-8) адам түрлі дәрежедегі жарақат алған.

"Сіздердің өз борыштарыңызға деген кәсіби шеберліктеріңіз, жауапкершіліктеріңіз бен адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіре отырып, алдағы уақытта да біздің халқымыз бен мемлекетіміздің игілігі үшін Азаматтық қорғау жүйесінің тиімді дамуына ықпал ететіндеріңізге сенемін", - деді Шахаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети