1,9 миллиард теңгені ұрлау схемасы әшкере болды: 27 адам күдікті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Түркістан облысында жалған кепілдіктер рәсімдеу арқылы 1,9 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қылмыстық топ "Сыбаға" мемлекеттік бағдарламасы аясында ірі қара мал сатып алуға бағытталған субсидиялауға бөлінген жеңілдетілген кредиттер алудың алаяқтық схемасын пайдаланған.

"Ол үшін Кентау қаласында "Яссы-кредит НС " Кредиттік серіктестігі" ЖШС құрылып, іс жүзінде жоқ "Expert Consulting Group" ЖШС атынан жалған құжаттар мен мүлікті бағалаулардың жалған актілерін пайдаланған. Мемлекеттік несие алу өтінімдерін қарау жөніндегі комиссияның төрағасы болып қызмет атқарған ұйымдастырушы қылмыстық схеманы әзірлеп, қатысушылардың әрекеттерін үйлестірген.

Ол әлеуетті қатысушыларды іздеп, олардың рөлдерін бөліп, жалған несиелер рәсімдеу процесін бақылаған. Сондай-ақ, құжаттарды рәсімдеу үшін жеке тұлғаларды іздеуге нұсқау беріп отырған және бұрмаланған салыстыру актілерін жасауға қатысып, ай сайынғы төлемдерге бақылау жасаған, ал жымқырылған қаражат топ мүшелері арасында бөлініп отырған", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс аясында 27 адам күдікті деп танылғаны айтылды. Сонымен қатар, жалпы сомасы 1 миллиард теңгеден астам күдіктілердің мүлкіне тыйым салынған.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети