04 наурыз 2024 | 14:17

1911 жылы жарық пайда болды: сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: e-history.kz Фото: e-history.kz

Тәуелсіз сейсмолог Мұхтар Хайдаров Алматыда болған жер сілкінісі туралы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Тәуелсіз сейсмолог Мұхтар Хайдаров Алматыда болған жер сілкінісі туралы пікірін бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz тілшісі сұрақтарына жауап берген Хайдаров шамамен Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан Кемин жарығы белсенді бола бастағанын айтты.

"Егер жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында, Іле мен Күнгей Алатауы арасында орналасқан деген ақпарат рас болса, бұл - Кемин жарығы. 1911 жылғы Кемин жер сілкінісі естеріңізде ме? Сол кезде осы жарық пайда болды. Сондықтан мен киініп, сыртқа шығуды ұйғардым", - деді Хайдаров.

Сейсмолог бұл жер сілкінісіне Қытайдағы жер сілкінісі себеп болуы мүмкін бе деген сауалға да жауап берді.

"Бұл таза ғылыми мәселе. Бізде бір жер, бір аймақ, бәрі бір-бірімен байланысты. Сондықтан бірден айту қиын. Бірақ менің ойымша, қандай да бір байланыс бар. Мен сізге киініп, ғимараттан 1 сағатқа, дұрысы 3 сағатқа, тіпті үш күнге шығуға кеңес беремін. Өйткені 1911 жылғы Кемин жер сілкінісінің ошағы болған Кемин жарығы қозғалды, одан жақсылық болмайды. Мен бәріне сыртта жүре тұруға кеңес беремін", - дейді Хайдаров.

Бұл ретте сейсмолог афтершок болмауы да мүмкін деп есептейді.

"Өйткені бұл небәрі 5,3, егер одан кейін афтершок болса, олар әлсіз болады, мүмкін 3-4-ке дейін, біз оларды сезбеуіміз мүмкін", - деп түйіндеді Хайдаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети