1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

1991 жылдан бері қанша қазақ тарихи отанына оралды? Фото:depositphotos.com

2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 146,4 мың этникалық қазақ оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

2024 жылы 18 035 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алды. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 146,4 мың этникалық қазақ оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастардың 45,4 пайызы – Қытайдан, 38,9 пайызы – Өзбекстаннан, 6 пайызы – Моңғолиядан, 5,8 пайызы – Түрікменстаннан, 2,7 пайызы – Ресейден және 1,3 пайызы басқа елдерден.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 57,1 пайыз, еңбекке қабілетті жастан кіші 33,4 пайыз және зейнеткерлер 9,5 пайыз болады.

"Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 17,5 пайызы жоғары білімді, 25 пайызы орта кәсіби білімді, 54,7 пайызы жалпы орта білімді және 2,8 пайызының білімі жоқ.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңірлеріне қоныстанды. Сонымен бірге, қандастарды қоныстандыру үшін келесідей еңбек күші тапшы өңірлер анықталды: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары", - делінген хабарламада.

Қоныстандыру өңірлерінде 2024 жылға арналған қандастарды қабылдау квотасы 3 033 адам болады. Биылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша қоныстандыру өңірлеріне 2 961 қандас қоныс аударды.

Жыл басынан бері 2 624 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілді. Атап айтқанда, 794 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети