Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.
Алдағы үш тәулікте елімізде күн суытады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" орталығына сілтеме жасай отырып.
2-4 қазан күндері республиканың барлық аймағында қар аралас жаңбыр жауады. "Баренцев теңізінде белсенді жүретін циклон салдарынан Батыс Сібір аумақтарында үш тәулік бойы ауа райы күрт суытады. Осы циклонмен бірге солтүстік-батыс аймақтарда қар аралас жаңбыр жауып, жел тұрады. Соған байланысты Қазақстанның барлық аймағында түнгі температура 0-5 градусқа дейін суытады" - дейді синоптиктер.
Бұған дейін синоптиктер елімізде қазан айының басында күн жылы болады деп хабарлаған. "Айдың бірінші жартысында республиканың басым бөлігінде күн жылы болады. Солтүстік аймақтарда түнде 5-10, күндіз 13-18 градус жылылықты, ал оңтүстікте түнде 10-15, күндіз 20-25 градус нөлден жоғары температураны көрсетеді" - деген еді Қазгидромет.