2 градус аяз: синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2 градус аяз: синоптиктер алматылықтарға ескерту жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

"Қазгидрометте" Алматы және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазгидрометте" Алматы және тағы үш қаланың тұрғындарына ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2024 жылы 8 қыркүйекте Алматы, Ақтөбе, Ақтау, Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі", - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеожағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныштық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Синоптиктер сондай-ақ 8 қыркүйекке Қазақстан аумағы бойынша синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

"Атмосфералық фронтальды бөлімдердің әсерінен ҚР аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, түнде елдің шығысында, оңтүстік-шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батыста, республиканың орталығында антициклон әлі де ауа райын жауын-шашынсыз сақтайды. ҚР бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, шығыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі", - деді метеорологтар.
Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде 2 градус аяз сақталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 505.17  course up  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети