Мәскеуде өткен "Қазақстан – мүмкіндіктер векторы" іскерлік диалогы барысында ҚР-ның инвестициялық әлеуеті талқыланды. Іс-шарада екі елдің саяси және іскерлік қоғамдастықтарының өкілдері сөз сөйледі.
Мәскеуде өткен "Қазақстан – мүмкіндіктер векторы" іскерлік диалогы барысында ҚР-ның инвестициялық әлеуеті талқыланды. Іс-шарада екі елдің саяси және іскерлік қоғамдастықтарының өкілдері сөз сөйледі.
ҚР РФ-дағы елшісі Дәурен Абаев жаһандық ахуалға қарамастан, мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастығы дамудың жаңа кезеңін өткеріп жатқанын айтты. Соңғы 18 жылда Қазақстан ЕАЭО елдері арасында ресейлік инвестицияларды тарту көлемі бойынша көшбасшы болды – бұл көрсеткіш $20 млрд-тан асты.
"Ресей, әрине, Қазақстандағы шетелдік капиталмен жұмыс істейтін кәсіпорындар саны бойынша көшбасшы. Бүгінде елімізде Ресейдің қатысуымен 28 мыңнан астам компания жұмыс істейді, олардың 4 мыңға жуығы өткен жылы ашылды. Мұндай серпінге өнеркәсіптік кооперацияның арқасында қол жеткізілді", – деді дипломат.
Іскерлік кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жобаларын, сондай-ақ оларды жүзеге асырудың экономикалық және әлеуметтік әсерін талқылады.
"Бірлескен жобалардың жалпы саны шамамен 135. Олардың жалпы құны $26,2 млрд-тан асады. Бұл жобалардың арқасында 28 мың жұмыс орны ашылады", - деді "Kazakh Invest" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы Ержан Елекеев.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта машина жасау, металлургия және химия өнеркәсібі саласында ынтымақтастық ерекше қарқынмен дамып жатыр. Бұған мемлекет тарапынан елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында бұрын қабылданған шаралар ықпал еткен.
Ең маңызды жобаларға шолу жасаған Елекеев Қарағанды облысында "Татнефть" компаниясымен $274 млн-ға автомобиль шиналарын өндіру, Қостанай облысында Kamlitkz компаниясымен $485 млн-ға жүк көліктері үшін шойын құю компоненттерін өндіру, Түркістан облысында $1,7 млрд-қа жылыжай қызанақтарын өсіру және Жамбыл облысында "ЕвроХим" компаниясымен $1 млрд-қа минералды тыңайтқыш өндіретін жобаларын атап өтті.
Айта кету керек, соңғы екі инвестициялық жоба ҚР АӨК-нің жалпы өнім мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2028 жылға дейін екі есеге арттыру жоспарын жүзеге асыруда стратегиялық маңызға ие.
"Қазақстан экономикасы үлкен әлеуетке ие. Сарапшылардың бағалауынша, бүгінде елдегі егістік жерлердің 30%-ы ғана тыңайтылады. Бұл саладағы жағдайды өзгерту астық түсімін 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді, ал ол республика көлемінде орасан зор көрсеткіш", – деді "ЕвроХим" тобының президенті Олег Ширяев.
Жамбыл облысындағы жаңа зауыттың минералды тыңайтқыштары мен индустриялық өнімдерінің жылдық көлемі 1 млн тоннадан асады деп күтіліп отыр.