2015 жылы Қазақстанның 188 жекеменшік емханасы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмектің кейбір түрлерін тегін көрсетеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
2015 жылы Қазақстанның 188 жекеменшік емханасы медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында медициналық көмектің кейбір түрлерін тегін көрсетеді, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісі.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті төрағасының орынбасары Инна Стратулаттың баспасөз мәслихатында берген мәлімдемесі бойынша, 2014 жылы 557 стационарлық көмек қызметін көрсететін емхананың 29 пайызы немесе 161-і - жекеменшік сектордан.
"Бүгінгі таңда 2015 жылға медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне қатысуға 599 емханадан өтініш түсті, олардың 188-і - жекеменшік сектор. Мемлекеттік тапсырысты алған ауруханалар медициналық қызмет сапасына жауапты болады және бұл талап келісімшартта көрсетіледі", - деді Стратулат.
Оның айтуынша, мемлекеттік тапсырыс алу туралы ақпарат Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің және Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің сайттарында жарияланады, сонымен қатар Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің сайтында 2014 жылы кепілді көмек көрсеткен мекемелердің тізімі мен рейтингі бар.
Стратулаттың мәлімдеуінше, 2015 жылғы медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне бюджеттен 227 миллиард теңге бөлінді.