200-ге жуық үндістандық студент Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

200-ге жуық үндістандық студент Украинадан Қазақстанға ауысуы мүмкін

Үндістан үкіметі Украинаның медициналық жоғары оқу орындарында оқып жатқан студенттерін Қазақстанға көшіру туралы өтініш жасады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Үндістан үкіметі бізге ресми түрде өтініш жолдады. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер министрі келді. Украинадағы 20 мыңнан астам үнді студенттері далада қалған, енді олар бізден көмек сұрап отыр. Негізі, біздің медициналық университеттеріміз көмектесуге дайын, шамамен 200 студентті қабылдай алады. Шетелдіктер оқу ақысын өздері төлейді", - деді Ғиният.

Сонымен қатар, ол шетелдік студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мәселесі көтерілетінін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети