200 мың теңгеге қандай көліктерді заңдастыруға болады? МКК түсіндірді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекеттік кірістер комитеті көлік құралдарын заңдастыру кезінде 200 000 теңге мөлшеріндегі бастапқы тіркеу алымын қандай көлік иелері төлей алынатынын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство мәліметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарының жекелеген санаттарын бастапқы тіркегені үшін алым мөлшерлемесін қолдану және осындай көлік құралдарын әкелуді жүзеге асырған жеке тұлғаларды, сондай-ақ көлік құралдарының санаттарын өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелерінен босату шарттары мен мерзімдерін, қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы №13 қаулысы М1, M1G, M2, M2G, N1, N1G санаттарындағы, оң жақтағы рөлмен басқарылатын көлік құралдарына қатысты қолданылады", - делінген хабарламада.

Бұл санатқа мыналар жатады:

  • жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізуші орнынан басқа, сегізден аспайтын жолаушылар отыратын орны бар көлік құралдары;
  • жүргізуші орнынан басқа сегізден астам отыратын орны бар, техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 5 тоннадан аспайтын жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары;
  • техникалық рұқсат етілген ең жоғары массасы 3,5 тоннадан аспайтын жүктерді тасымалдауға арналған көлік құралдары.

"Осыған орай, Қазақстан Республикасының аумағына 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін әкелінген және жоғарыда көрсетілген санаттарға жататын көлік құралдарды тіркеген кезде көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін 200 000 теңге мөлшеріндегі алым алынады.

Қаулыда көрсетілмеген санаттарға жататын көлік құралдарын алғашқы тіркеуден өту барысында, Салық кодексінің 553-бабы 4-тармағында бекітілген көлік құралдарын бастапқы тіркегені үшін алым ставкалары бойынша алым төленеді", - делінген МКК мәліметінде.

Қазақстан Республикасына 1 қыркүйекке дейін әкелінген көлік құралдарын легализациялау үшін негізгі орындалуы тиіс шарттардың бірі – осындай автокөліктердің кеден тазартудан өтуі екені белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer