200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

200 теңгелік банкноттар неге көрінбей кетті? Ұлттық банк жауабы Фото:depositphotos.com

Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көптеген қазақстандық 200 теңгелік банкноттардың айналымда жоғалып кеткенін байқады. Осыған байланысты Ұлттық банк пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк мәліметінше, мұндай номиналдағы жаңа банкноттар енді шығарылмайды.

"Номиналы 200 теңге болатын банкноттар мәселесі бойынша, Ұлттық банк 2020 жылғы 28 қаңтарда 2020 жылғы үлгідегі номиналды құны 200 теңге болатын монеталарды айналымға шығарғанын хабарлаймыз. Осыған байланысты Ұлттық банк бұдан былай номиналы 200 теңге болатын жаңа банкноттар жасамайды. Айналыстағы осы номиналдағы банкноттар бойынша мерзім белгіленбеген және олар табиғи тозуына қарай алынып, номиналы 200 теңге монеталармен ауыстырылады", - делінген Ұлттық банктің Tengrinews.kz ресми суалына берген жауабында.

Сондай-ақ, Ұлттық банк жаңа номиналды банкноттар мен монеталарды айналысқа шығару жоспарда жоқ екенін айтты.

"Банкноттар мен монеталардың қолданыстағы номиналды ассортименті қолма-қол ақша айналымының қажеттіліктерін толығымен қанағаттандырады", - деп хабарлады Ұлттық банк.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети