Соңғы бір тәулікте 200-ге жуық турист Алматы әуежайынан Анталияға ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Соңғы бір тәулікте 200-ге жуық турист Алматы әуежайынан Анталияға ұшып шыға алмай отыр, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Туристер жолдаманы "Гүлнар тур" туристік компаниясының өзінен және ортадағы делдалдардан сатып алған. Қазақстандық туристер үшін түркиялық AtlasJet әуекомпаниясының ұшағына тапсырыс берілгенімен, ол ұшақ Қазақстанға келмеген екен.
"Біз алдымен таблоға қарадық. Онда Стамбул деген жазудан басқа жазу болған жоқ. Ал Анталия деген жазуды мүлде көрген жоқпыз. Содан біз мән-жайды әуежай қызметкерлерінен сұрағанымызда бүгін Анталияға ешқандай да ұшақтың ұшпайтынын айтты", - деді қызылордалық ерлі-зайыптылар.
Жолаушылар таңды әуежайдың күту залында қарсы алғанымен туроператордың өкілдері ол жерге төбе көрсете қоймады. Сондықтан әркім өз қамын өздері жасауға тырысып бақты. Тек екінші күні ғана туристер әуежай маңындағы қонақүйге орналастырылған.
КТК теларнасы елімізде соңғы жарты жылда шетелдік чартерлі рейстер қызметін пайдалануға тыйым салынғанын еске салды. Алайда, "Гүлнар тур" компаниясының менеджері Геннадий Виволанец Қазақстан мен Түркия сала мамандарының өзара келісімі негізінде туристерді 16 қосымша рейстер арқылы барар жерлеріне жеткізілуі керек болғанын түсіндірмек болды.
"Өткен дүйсенбіде, жоқ кеше ғана біздегілер мен түріктер Қазақстаннан Түркияға қосымша 16 рейсті ұшыру туралы келіскен болатын. Бұл келісімді чартер деп айтуға келмейді. Ол негізінен тұрақты рейс болып есептеледі", - деді менеджер. Қазір AtlasJet-те Алматы әуежайынан ұшақтарын ұшыру кестесі әзірленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.