22 шілде 2014 11:20

2013-2014 жылдары Қазақстан 8,7 миллион тонна астықты экспортқа шығарды - Мамытбеков

ПОДЕЛИТЬСЯ

Асылжан Мамытбеков. Фото  e-center.asia сайтынан алынды Асылжан Мамытбеков. Фото e-center.asia сайтынан алынды

2013-2014 жылдары Қазақстан 8,7 миллион тонна астықты экспортқа шығарды. Бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


2013-2014 жылдары Қазақстан 8,7 миллион тонна астықты экспортқа шығарды. Бұл туралы Facebook-тегі жеке парақшасында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"2013-2014 маркетингілік жылы 8,7 миллион тонна астық экспортқа жөнелтілді. Бұл соңғы бес жылдағы орташа экспорттың көлемінен 1 миллион тоннаға артық", - деп жазады ол. 

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан 2013 жылдың басында 5 миллион тоннадан аса астықты экспорттаған болатын. Министрліктің мәлімдеуінше, 2013 жылдың қаңтар-қараша айларында ауылшаруашылық өнімі экспортының жалпы көлемі  2,4 миллиард долларға бағаланған. Бұл 2009-2011 жылдардағы орташа экспорттан 27 пайызға жоғары. Сонымен бірге Кедендік одақ елдері экспорты 2013 жылдың 11 айының ішінде 2012 жылмен салыстырғанда 65 пайызға өскен.  

Ал 2014 жылдың басында Қазақстан Пәкістанға астық жеткізуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети