Биыл "Астана – Бурабай" ақылы жолынан 1,2 млрд теңге жинап алу жоспарланып отыр. Мұндай болжамды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биыл "Астана – Бурабай" ақылы жолынан 1,2 млрд теңге жинап алу жоспарланып отыр. Мұндай болжамды ҚР Көлік және коммуникация министрлігі жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Өткен жылдың небәрі 6 айының ішінде 800 млн теңгеден астам қаржы жиналды. Бұл ақша жолды пайдалануға жұмсалады. Ал биылғы жылы бұл жолдан 1 млрд 200 млн теңге жинап алуды жоспарлап отырмыз", - деді М.Пішембаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Вице-министрдің атап өтуінше, Макинск, Щучье, Ақкөл аудандарының тұрғындары құны 1000 теңгені құрайтын абоненттік төлем жасап, сапалы жолмен әрі-бері 1 жыл бойы еркін қатынай алады екен. "Жеңіл көлік үшін 200 теңге ғана белгіленген. Негізінен біз ақшаны транзиттен аламыз. Бүгінде жүк көліктері 4,5-5 мың теңге төлейді. Ал жиналған ақша жолды күтіп ұстауға жұмсалады. Бұл жолға бюджеттен ақша алмаймыз", - деді вице-министр.