12 қаңтар 2015 | 19:25

2014 жылы Қазақстанда 89 бала көлік орындығында қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vseodetyah.com ©vseodetyah.com

Өткен жылы елімізде жол-көлік оқиғалары кезінде 89 бала көлік орындығында отырып қайтыс болған, олардың жартысынан астамы - 7 жасқа толмағандар, 19-ы - бір жасқа толмаған сәби. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты. Қазақстанда 2014 жылы жол апаттарынан барлығы 232 бала қаза тауып, 4 600-ден астам бала түрлі деңгейде жарақат алған.


Иконка комментария блок соц сети

Өткен жылы елімізде жол-көлік оқиғалары кезінде 89 бала көлік орындығында отырып қайтыс болған, олардың жартысынан астамы - 7 жасқа толмағандар, 19-ы - бір жасқа толмаған сәби. Бұл туралы ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына қайтарған жауабында айтты. Қазақстанда 2014 жылы жол апаттарынан барлығы 232 бала қаза тауып, 4 600-ден астам бала түрлі деңгейде жарақат алған.

"Ата-аналар автомобиль салонында балалар болғанына қарамастан, оларға қауіпсіздік белбеуін тақпай, балаларға арналған бекіту құрылғыларын қолданбай, Жол қозғалысы ережесін сақтамағандықтан балалар қаза табады", - деді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің өкілдері. 

Статистикаға қарағанда, балалардың қатысы бар жол апаттарының саны жыл сайын көбеймесе, азаймай келеді. 2013 жылмен салыстырғанда жол апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандардың саны 15 және 12 пайызға төмендесе (2013 жылы жол-көлік оқиғаларынан 273 бала қаза тауып, 5 200 бала жарақат алды), балалардың қатысуымен болған жол апаттарының саны өзгеріссіз қалған. Ал 2015 жылдың бірінші аптасының өзінде жол-көлік оқиғаларынан 6 бала қаза тауып, тағы 17 бала жарақаттанды. "Бұл қайғылы оқиғаларға белгілі бір деңгейде ата-аналардың салғырттығы себеп болып отыр", - дейді комитет мамандары. 

Полицейлердің айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, көлік құралдарында балаларға арналған бекіту құралдарын қолдану сәбилердің өлім-жітімін 71 пайызға, ал жасы үлкен балалар арасындағы көрсеткішті 64 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді. 

Мамандар баланы автокөлікте қолға ұстап отыруды қауіпсіз санайтын ата-аналардың қателесетінін айтты. "Бәрі қолымен ұстап отырса, қауіпсіз болады деп ойлайды. Олай емес. Соғысу кезінде немесе дереу тоқтаған кезде сағатына 50 шақырым жылдамдығы шамамен 30 есе көбейеді. Егер баланың салмағы 10 келі болса, соққы кезінде ол 300 келі тартуы мүмкін және оны соққы кезінде алдыңғы орындыққа немесе әйнекке соқпай, ұстап отыру мүмкін емес", - дейді Әкімшілік полиция комитеті қызметкерлері.

Шетелдерде жасалған ғылыми жұмыстардың нәтижесінде балаларға арналған бекіту құралдарын қолданған жағдайда өлім деңгейін 80 пайызға, ауыр жарақат алу деңгейін 64-80 пайызға, жеңіл жарақат алу деңгейін 70 пайызға төмендетуге болатыны дәлелденіп отыр. Мәселен, Португалияда 1998-2003 жылдар аралығында 12 жасқа дейінгі балаларға арнайы бекіту құралдарын пайдалану деңгейі 42 пайызға өскенде балалардың арасындағы өлім-жітім 45 пайызға дейін азайған.

"Балаларды өлімнен және жарақат алудан қорғау үшін балаларға арналған бекіту құралдары әр елде түрлі деңгейде қолданылады. Сәйкесінше, табысы жоғары деңдейдегі мемлекеттерде мұндай құрылғылар әдепкі жағдайға айналған. Мысалы Ұлыбритания мен Швецияда жаңа туған сәбилер мен балалардың арнайы орындықпен тасымалдану деңгейі 95 пайызға жеткен, ал Австралияда - 90 пайыз, АҚШ-та - 86 пайыз".

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің жауабында Еуропа елдерінде балаларды көлікпен тасымалдау ережесін сақтамағандарға қандай жаза қолданылатыны туралы да айтылды. Бельгияда балаларды тасымалдау ережесін сақтамағандар 3 айға көлік жүргізу құқынан айырылуы немесе 30 күнге дейін қамауға алынуы мүмкін. АҚШ-та 100 долларға дейін айыппұл салынады. Ұлыбританияда баланың жасына, салмағына, бойына сәйкес келмейтін бекіту құралы пайдаланылса, ал Германияда балаларға арналған автокреслоның алдыңғы орындыққа орнатылып, бірақ қауіпсіздік жастығы өшірілмесе, жүргізуші 25 еуро көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.

Еске сала кетейік, жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда автокөліктерде балаларды тасымалдау үшін балаларды бекітетін арнайы құрылғы орнатылуы керек. Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодекстің 593-бабына сәйкес, осы талаптарды орындамағандарға 9 910 теңге (5 айлық есептік көрсеткіш) көлемінде айыппұл салу қарастырылған, егер бір жыл ішінде заңды екінші мәрте бұзғандарға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети