Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2014 жылдың заң шығару жұмысын қорытындылап, депутаттарға 2015 жылға арналған міндеттер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев 2014 жылдың заң шығару жұмысын қорытындылап, депутаттарға 2015 жылға арналған міндеттер туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ол 2015 жыл елдің қоғамдық-саяси және рухани өмірі үшін ерекше жыл болатынын айтты, қазақстандықтар Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығын және Ұлы Жеңістің 70 жылдығын тойлауға әзірленіп жатыр.
"Өз тарихының ұлы құндылықтарын дәріптеу - ұлттық мүддені қорғау мен қазақстандық патриотизмді нығайтудың негізі. Мұндай маңызды шаралар Мемлекет басшысының "Біздің халық мызғымас, жылдан жылға нығая түсетін мәңгілік Тәуелсіздікке ие" деген мазмұнды, терең идеясына негізделуі тиіс. Мемлекет басшысымен бірге, бүкіл халықпен бірге біз алдымызға қойылған мақсаттарға жетуге күш салатын боламыз. Бірлескен еңбек үшін алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Отанымыз гүлденіп, біздің халықтың өмірі мен әл-ауқаты жақсара берсін! Ашық аспан, бақыт пен отбасының амандығын, мықты денсаулық пен еңбектеріңізге табыс тілеймін!" - деді Тоқаев жоғарғы палатаның жалпы отырысын түйіндеп.
Ол бүгінгі отырыстың өтпелі кезең қарсаңында аяқталғалы тұрғанын айтты.
"Тұтас алғанда, өтіп бара жатқан жыл әлем экономикасы мен халықаралық саясаттағы алмағайыпқа қарамастан Қазақстан үшін орындалған жұмыстардың көлемі мен жітілігі тұрғысынан ерекше болды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жетекшілігімен өз уақытында қабылданған шешімдер мен орынды әрекеттердің арқасында еліміз белгілі бір көрсеткіштерге жетті. Парламент Үкіметпен тығыз байланыста жұмыс істей отырып, заң шығару қызметінің жауапты міндетін атқарды. Биыл қабылданған 100-ден астам заң тұтас алғанда, елдің әлеуметтік-экономикалық өсімін қарастыратын стратегиялық бағдарламаны іске асырудың құқықтық негізі болды. Әлемдік қауымдастықта ерекше сын-қатерлерімен есте қалған 2014 жыл заман талабына жауап беретін шұғыл әрі оңтайлы шешімдерді қабылдауға дайын болудың маңызын нақты көрсетіп берді", - деп мәлімдеді Сенат спикері.
Ол 2015 жылы сенаторларды жүйелі, ауқымды жұмыс күтіп тұрғанын айтты. "Ел игілігі үшін "Нұрлы жол" бағдарламасының табысты іске асырылуы - Мемлекет басшысының бізге жүктеген тарихи жауапкершілігі. Біз мұны ұмытпауымыз керек. Біздің басты міндетіміз - елде жоспарланған ірі жобаларды заңмен қамтамасыз ету. Мемлекет басшысының атап өтуінше, халықтың әл-ауқатының артуы, өмір сапасының жақсаруы - мемлекет үшін маңызды міндет. Сондықтан бізге әлеуметтік сала тұрақтылығының өзекті мәселелерін әрқашан назарда ұстау керек", - деді Тоқаев.
Спикер ЕАЭО шеңберінде біздің елдің мүддесін заңмен қамтамасыз ету қажеттігіне назар аударды. Өз сөзінде ол әріптестеріне мақтау айтты: "Қазіргі аумалы-төкпелі кезеңде сіздердің бай өмірлік тәжірибелеріңіз бен терең білімдеріңіз мемлекетті нығайтуға қажет болады", - деді жоғарғы палата төрағасы.