11 ақпан 2015 | 13:22

2015 жылдың бюджеті 700 миллиард теңгеге қысқарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Республикалық бюджет шығыстары 700 миллиард теңгеге қысқартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді. 


Иконка комментария блок соц сети

Республикалық бюджет шығыстары 700 миллиард теңгеге қысқартылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында осындай тапсырма берді. 

"Барлық жерде экономиканың қатал саясатын, бюджет шығыстарын оңтайландыруды жүргізу керек. Жаңа бастамаларды жақсы кезеңге дейін кейінге қалдырайық. Ойға алынған істерді аяғына дейін жеткізейік. Бұл мемлекеттік органдарға, әкімдіктерге, ұлттық компанияларға қатысты. Үкіметке 2015 жылға арналған республикалық бюджет шығыстарын 700 миллиард теңгеге дейін немесе жалпы шығыс көлемінің 10 пайызы мөлшерінде қысқартуды тапсырамын. Бірақ мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттемелері өзгермеуі керек", - деді Назарбаев. 

Мемлекет басшысы Үкіметке "Нұрлы жол" бағдарламасын дағдарысқа қарсы жаңа шаралармен толықтыруды да тапсырды. "Бұл - отандық машина жасау саласын, экспорттаушыларымызды қолдау, агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауды ұлғайту, ішкі нарықты қолдау жөніндегі шаралар. Үкімет шұғыл шараларды қабылдауға арналған резерв құруы керек. Осы жыл ішінде шұғыл жағдайлар болуы мүмкін. Сондықтан Үкіметке 250 миллиард теңге көлемінде резерв құруды тапсырамын", - деді Президент. 

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети