Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлер салу 2015 жылдың 1 қаңтарында басталады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша үйлер салу 2015 жылдың 1 қаңтарында басталады. Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев айтты.
"Ең жақын арада. 1 қаңтардан бастап, біз бағдарламаны іске асыруға, құрылысты бастауға кірісуіміз керек", - деп жауап берді ол "Жаңа тұрғын үй бағдарламасының шарттары қашан жария болады?" деген сұраққа.
Вице-министр қолжетімді баспананы сатудың егжей-тегжейі туралы толық айтпады, дегенмен бағдарламаға пәтерді сатып алу құқығымен және сатып алу құқығынсыз жалға алу кіретінін хабарлады. "Қазір тетіктері жасалып жатыр. Жуық арада біз оны таныстыратын боламыз деп ойлаймын", - деді ол.
Өскенбаев көп сөйлемеді. "Бұл өте тиімді болады. Президент айтқан барлық өлшемдер орындалады", - деді вице-министр.
Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын сынға алып, оның шеңберінде берілетін үйлерді "ауқатты адамдарға арналған" деп атаған еді. Мемлекет басшысы жалға берілетін баспаналар салуға көзқарасты өзгертіп, пәтерлерді делдалсыз әрі ең төменгі пайызбен беруді қарастыратын жаңа бағдарлама жасауды тапсырды.