2015 жылдың 1 қаңтарынан, яғни бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің түрлі саласы бойынша көптеген жаңа ереже енгізіліп, заңдар күшіне ие болады. Tengrinews.kz осы жылы қазақстандықтар куә болатын негізгі жаңалықтар туралы баяндайды.
2015 жылдың 1 қаңтарынан, яғни бүгіннен бастап Қазақстанда қоғамдық өмірдің түрлі саласы бойынша көптеген жаңа ереже енгізіліп, заңдар күшіне ие болады. Tengrinews.kz осы жылы қазақстандықтар куә болатын негізгі жаңалықтар туралы баяндайды.
1 қаңтарда Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт күшіне енеді. Оның мүшелері: Қазақстан, Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан. ЕАЭО-ның құрылуы Кеден одағы елдерін интеграцияның жоғары деңгейіне шығарады.
Осы уақыттан бастап Кеден одағы елдерінің Техникалық регламенті күшіне енеді. Кеден одағы елдері аумағында автокөліктердің қыста жазғы, жазда бұдырлы дөңгелектермен жүруіне тыйым салынады. Қазақстанның автоөндірушілері өнімдерін ABS тежеу жүйесімен, қауіпсіздік жастықтарымен, балаларды бекітетін ISOFIX тетіктерімен, күндізгі жүріс оттарымен, иммобилайзермен, ГЛОНАСС жүйесінің SOS түймесімен жабдықтауға міндетті.
Жол қозғалысының жаңа ережесі қолданыла бастайды. Қазақстанның жүргізушілеріне енді әрқашан жақын жарықты қосып немесе жүріс жарығы оттарын қосып жүруге тура келеді. Бұл ережені бұзғандарға 10 мың теңгеге жуық айыппұл салынады.
Жанармай арзандайды. Дизель отынының литрі 107 теңге, Аи-80 бензинінің литрі - 89 теңге, Аи-92/93 бензині 109 теңге болды.
Астана - Атбасар және Шымкент - Қызылорда тас жолдары ақылы болады. Жолмен жүру құны - 200 теңге.
Жаңа жүргізуші куәліктері беріледі.
Қазақстан азаматтарының жеке куәліктерінің сапасы жақсартылған түрлері шығарылады.
"Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы" жаңа кодекс бойынша тіркелген мекенжайында тұрмайтын азаматтарға айыппұл салынады, пәтеріне өзге азаматтарды жалған тіркеуге тұрғызған қожайындар да жауапкершілікке тартылады.
Қоғамдық орындарда жұртты мезі қылатын қайыршылар, балгерлер мен жезөкшелерге де жаза қарастырылады.
Жаңартылған Қылмыстық кодекс күшіне енеді. Қауесет таратқандарға жаза қарастырылады, сыбайлас жемқорлық пен педофилияның жауапкершілігі күшейтіледі.
Алкоголь мен шылым қымбаттайды. Сүзгілі темекінің бір қорабының ең төменгі құны 200 теңге болады. 100 пайыз спирттің литрінің акциздері 1000 теңгеден 1200 теңгеге дейін жоғарылайды. Өткірлігі 30 пайыздан асатын алкогольдің бөлшек саудадағы ең төменгі құны литріне 1120-1300 теңге аралығында болады.
Жаңа тұрғын үй бағдарламасы іске асырылады. 2020 жылға дейін республика бойынша 1,4 миллион шаршы метрден асатын баспана салынады.
Дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысы артады.
Тегін кәсіби-техникалық білім беру бағдарламасы іске қосылады.