2015 жылы халықтан травматикалық қару сатып алу басталады

ПОДЕЛИТЬСЯ

2015 жылы халықтан травматикалық қару сатып алу басталады ©РИА Новости

Қазақстан полициясы 2015 жылдың қаңтар айында халықтан травматикалық қару-жарақты сатып алуды бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ішкі істер вице-министрі Ерлан Тұрғұмбаевқа сілтеме жасап. Ол бұл туралы "Құқықбұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидасын қамтамасыз ету" тақырыбындағы интернет-конференция барысында мәлімдеді. Еске сала кетейік, қазақстандықтарға травматикалық қару-жарақ ұстауға тыйым салатын заң осы жылдың сәуір айында қабылданған болатын.

Травматикалық қаруды тапсыру мерзімі туралы сұраққа Тұрғұмбаев "Травматикалық қаруды тапсыру тәртібін Үкімет белгілейді, жоба бойынша қаруды тапсыру мерзімі 2015 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсанға дейін деп қарастырылып отыр", - деп жауап берді.

Еске сала кетейік, Қазақстан билігі тұрғындардың қолындағы травматикалық қару-жарақты ақшалай өтемақыға алмастырып алғалы отыр. Депутат Светлана Ферхо өтемақы мөлшерінің әзірше белгісіз екенін, бірақ бюджеттен бұл мақсатқа миллиард теңгеден астам қаржы бөлінгенін айтты. Ферхоның айтуынша, қазіргі уақытта республика тұрғындарының қолында 23 мыңнан астам травматикалық қару бар. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети