28 қыркүйек 2016 | 16:33

2016 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© economy.gov.kz © economy.gov.kz

2016 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәжіліс депутаттары "2016-2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы", сондай-ақ "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2016 - 2018 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгеріс енгізу туралы" заң жобаларын мақұлдады.

"Әлемдік экономиканың ағымдағы жағдайын, тауар нарықтарындағы конъюнктураны және ағымдағы жыл басынан бері Қазақстан экономикасы салаларының даму қорытындыларын ескере отырып, 2016 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды", - деді ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев палатаның пленарлық отырысы барысында.

Мұнайдың орташа жылдық бағасы бір барреліне 30 АҚШ долларынан 35  АҚШ долларына дейін өсті; АҚШ долларының орташа жылдық есептеу бағамы бір АҚШ долларына 360 теңге деңгейінде сақталды; ағымдағы жылғы қазан айында "Қашаған" кен орнының іске қосылуының күтілуіне және мұнайдың орташа жылдық бағасының өсуіне байланысты мұнай өндіру көлемі 74,0 млн. тоннадан 75,5 млн. тоннаға дейін өсті.

"Жылдың басынан бергі экономика салаларының даму серпінін және жаңартылған сценарийлік жағдайларды ескере отырып, 2016 жылы ЖІӨ-нің өсуі бұрын мақұлданған 0,5% деңгейінде қалады", - деп хабарлады министр.

Экспорт бойынша болжам 3,2 млрд. АҚШ долларға 35,3 млрд. АҚШ долларға дейін өсті, импорт - 4,6 млрд. АҚШ долларға 26,7 млрд. АҚШ долларға дейін өсті. Ұлттық Банктің болжамы бойынша 2016 жылы инфляция бұдан бұрын бекітілген дәлізге тиісті 6-8% деңгейінде қалыптасады.

"Түзетілген макроэкономикалық болжамның, сондай-ақ ағымдағы жыл басынан бергі салықтық түсімдердің серпіні негізінде 2016 жылға арналған республикалық бюджет параметрлері нақтыланды. Республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2016 жылы 4 200,2 млрд. теңге көлемінде бағаланып отыр, бұл бекітілген жоспардан 834,9 млрд.теңгеге артық", - деп белгіледі Бишімбаев.

Бұл ретте, Ұлттық қордың айтарлықтай төмендеуіне жол бермеу мақсатында 2016 жылы кепілдендірілген трансферттің мөлшерін 2 880 млрд. теңгеден (8 млрд. АҚШ доллары) 2 479,7 млрд. теңгеге (6,9 млрд. АҚШ доллары) дейін қысқартып, кепілдендірілген трансфертті 400,3 млрд. теңгеге аз көлемде тарту ұсынылады. Сондай-ақ, басым түрде Халықаралық қаржылық ұйымдарының қарыздарын бірлесіп қаржыландыруға көзделген және Үкіметтің арнайы резервінің қаражаты есебінен қалыптасқан үнемдеу есебінен нысаналы трансфертті 54,6 млрд. теңгеден 752,9 млрд. теңгеге дейін азайту ұсынылып отыр.

"Осылайша 2016 жылы Ұлттық қордан трансферт мөлшерін 454,9 млрд. теңгеге (1,3 млрд. АҚШ доллары) қысқарту ұсынылып отыр, бұл Үкіметпен бірінше рет қабылданды. Бюджет тапшылығы бекітілген 902,7 млрд. теңге немесе ЖІӨ-ге қатысты 2,0 % деңгейінде сақталған", - деп хабарлады министр.

Тұтастай алғанда, 2016 жылы республикалық бюджеттің шығыстарын Ұлттық қордан берілетін кепілдендірілген және нысаналы трансферттердің мөлшерін түзетуді ескере отырып, 8 646,7 млрд. теңге көлемінде белгілеу ұсынылуда, ол бекітілген көлемнен 379,9 млрд. теңгеге артық.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети