Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

2016 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

10 Тамыз 2016, 00:07
0

Мемлекеттік білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасап.

Биыл жалпы 31 мың 702 грант бөлініпті. Оның 2950 орны жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім алуға, 28 752 гранттың бірінші курсқа қабылдауға бөлінген (күндізгі оқу - 28 452, сырттай оқу - 300 грант). Техникалық және технологиялық мамандықтарға 12 593 грант бөлінген, педагогикалық мамандықтарға шамамен 5 мың грант бөлінген, ауыл шаруашылығы және мал дәрігерлік мамандықтарына шамамен 2 690 грант, медициналық мамандықтарға 3 мың грант бөлінген. 

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ (pdf файлы) немесе жүктеп алу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз. Тағы бір балама СІЛТЕМЕСІН ұсынамыз. Тізімде адамның аты-жөнін жылдам табу үшін Ctrl+F батырмаларын басыңыз.

Білім гранттарын үлестіру конкурсына жалпы 59 677 адам қатысты. Олардың 47 342-сі қазақ тілінде білім алатындар, ал 12 335-і орыс тілінде білім алатындар. Студенттерді "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасының аясында квота бойынша конкурсқа 9 797 адам қатысты.  

Конкурсқа қатысушылардың ішінде 2208 түлек "Алтын белгі" иегері, 303-і колледж түлегі, ал жалпы білім беру пәндерінен халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарының саны - 169, жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми жарыстардың жеңімпаздарының саны - 854, республикалық және халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздарының саны - 948, Президент олимпиадаларының 9 жеңімпазы бар.

Осыған дейін Білім және ғылым министрлігінің өкілдері алдын ала қорытынды бойынша, биыл "Алтын белгі" иегерлерінің бірқатарының мемлекеттік грант есебінен білім ала алмайтынын хабарлаған болатын.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай