2016 жылы экстремистік және террористік қылмыстарды жасаған 143 адам жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2016 жылы экстремистік және террористік қылмыстарды жасаған 143 адам жазаға тартылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 2016 жылы бұрынғы жылдардағыдай құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдардың экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметі радикализм белгілерінің себептері мен жағдайларын болдырмауға бағдарланған.
"Осының негізінде радикалды идеологиямен әуестенген тұлғаның типтік бейнесін жасадық. Бұл көбінесе өткен өмірі криминалды, тұрақты жұмысы және жоғары білімі жоқ жастар. Олардың діни сауаты жоқ. Діни әдебиеттерді оқымаған және оқығысы да келмейді. Өздерінің дін, жақсылық және жамандық туралы көзқарастарын интернеттен алынған күмәнді материалдарға негіздейді. Терроризмді насихаттайтындарға ойланбастан сенеді. Азғырып көндірушілер азаматтардың материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемаларын пайдалана отырып, үстемдік жүргізеді. Осындай насихаттаушылардың ықпалына түскендер жаңа экстремистерді жасаудың қолайлы құралына айналады", - дейді ведомстводағылар.
Прокуратура өкілдерінің айтуынша, нәтижесінде адамдар экстремистік және террористік қылмыстарды жасау жолына көшеді. Осындай істер бойынша 2016 жылы сот үкімімен 143 адам жазаға тартылған.
"Осы факторларды ескеріп, Ақтөбе облысында оның тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық проблемаларын шешу жөніндегі жоба іске асырылды. Оған білікті деген 230 маман қатысты. Бұл - теолог, тәжірибелі имам, дәрігер, қаржыгер, психолог және жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері. Олар бір айдың ішінде 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізді. Шара 145 мың адамды қамтыды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Сондай-ақ, құқық қорғау өкілдерінің айтуынша, осы топ жұмыс қорытындысы бойынша әкімшілік тосқауылдар, соның ішінде Ақтөбе облысының дамуына кедергі болып тұрған құқықтық тосқауылдардың тізімін жасақтады. "Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың басқа маңызды құрамдас бөлігі - қарсы насихаттау болып табылады, сондай-ақ жаһандық желіде де насихаттау", - дейді құқық қорғау органдарының өкілдері.
"Мысалы республикалық және жергілікті БАҚ-тарда прокурорлардың бастамасымен "Адасқандар" және "Бейбітшілік мекені" деректі фильмдері көрсетілді. Онда өз көзқарастарының қателігін түсінген адамдармен сұхбат көрсетілген. Іздеу жүйелерін талдадық. Іздеу қызметтерінің бірінші беттерінде орналасқан ресурстар ең көп қаралады деген қорытындыға келдік. Ол "ТОП-10" деп аталатындар. Оларға пайдаланушылардың 95 пайызынан астамы назар аударады.", - дейді олар.
Ведомстводағылардың айтуынша, қазір олар осы іздеу қызметтерінің бірінші беттеріне насихат материалдарды енгізу жобасымен айналысып, Интернетті құқыққа қайшы контенттен тазарту шараларының белсенділігін арттырып жатыр.
"Жалпы, 2016 жылы Бас прокуратураАқпарат және коммуникациялар министрлігінеинтернет-ресурстардың 33 материалына қол жетімділікті уақытшатоқтату бойынша шаралар қабылдау туралы 7 ұйғарым енгізіді. Мазмұнында экстремизм мен терроризмді насихаттайтын 95 сілтеме оқшауланды. Прокурорлардың арыздары бойынша сот 19 ақпараттық материалдарды экстремистік, 13 террористік деп танып, олардың елде таратылуына тыйым салды", - деді баспасөз қызметіндегілер.