ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Гүлшара Әбдіқалықова отырысты аша отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасының шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңының негізіне жемқорлық әрекеттерді алдын алу енгізілгенін атап өтті.
"Жұмыстың негізгі бағыттары: мемлекеттік қызмет саласында, квазимемлекеттік және жеке меншік секторда, сот және құқық қорғау органдарында жемқорлыққа қарсы тұру, қоғамдық бақылау институтын енгізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру және халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының орынбасары Шпекбаевтың баяндамасы тыңдалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында жоспарланған 64 шараның 95%-і іске асты, қалғаны осы жылы аяқталады", - делінген хабарламада.
"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл", "Қоғамдық кеңестер туралы", "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" жаңа заңдар қабылданды. Олар мемлекеттік институттар қызметінің ашықтығын және қоғамдық бақылауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, отырыс барысында жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық қатерлеріне жүйелі талдау жүргізу,сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мәдениет және ағарту сияқты құқықтық құралдардың жиынтығы тәжірибеге кеңінен енгізілді.
"2016 жыды өкілетті органмен 156 мемлекеттік органдардың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне талдау жасалды, 2 мыңнан аса жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнiндегi ұсыным хаттар енгізілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Жемқорлыққа қарсы тұруда жазаның бұлтартпастығыжәне заңүстемдігінің қағидалары қамтамасыз етіледі. 2016ж. 18республикалық маңызы бар, 59 облыстық, 134қалалық және аудандық деңгейлердегі басшылар қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Анықталған 13,6 млрд. теңге көлеміндегі залалдың 5,3 млрд. теңгесі немесе 39%-і өтелген7
Отырыстың қорытындысы бойынша ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара ӘбдікалықоваСыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша кезекті жоспар әзірлеу жөнінде тапсырма берді.