05 қазан 2016 10:39

2016 жылы Қазақстанда жалпы қылмыс саны азайды - ІІМ басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© alashinform.kz © alashinform.kz

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Үкімет отырысы кезінде Қазақстанда биылғы жылы жалпы қылмыстар саны азайғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
 
"Елімізде жалпы қылмыстар саны 3,5 пайызға азайып, 256 мыңды құрады. Ауырлығы аз қылмыстар саны төрт есеге төмендеді, кісі өлтіру - 5 пайыз, зорлау - 24 пайыз, ұрлық-қарлық - 10 пайыз, қарақшылық жасау - 14 пайызға азайды т.с.с. Травматикалық қаруды қолданумен жасалған қылмыстар саны өткен жылы - 79 пайыз, ал биыл - 26 пайыз төмендеді. Бұл тұрғындардан қару сатып алу және биылғы жылғы қаңтардан бастап травматикалық қарудың заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік жүктеу туралы қабылданған шешімнің дұрыстығын дәлелдейді", - деп ақпараттандырды Қасымов.

Министр бұрынғыдай, барлық қылмыстардың 60 пайыздан астамын ұрлық қылмыстары құрап отырғанын жеткізді. Атап айтқанда, ұсақ және ауырлығы орташа қылмыстар - ұялы телефондар, автокөліктерден заттарды ұрлау, қалтаға түсу және т.б. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети