28 қыркүйек 2016 | 15:55

2016 жылы мемлекеттік бюджетке кірістер бекітілген жоспардан 834,9 миллиард теңгеге артық - Қаржы министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақыт Сұлтанов Бақыт Сұлтанов

2016 жылы мемлекеттік бюджетке кірістер бекітілген жоспардан 834,9 миллиард теңгеге артық болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

2016 жылы мемлекеттік бюджетке кірістер бекітілген жоспардан 834,9 миллиард теңгеге артық болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап. 

"2016 жылы кірістер трансферттер есебінсіз 4 200,2 миллиард теңге көлемінде бағалануда. Ол бекітілген жоспардан 834,9 миллиард теңгеге артық", - деп мәлімдеді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Парламенті Мәжілісіндегі жалпы отырыста.

Министр айтып өткендей,  кірістер болжамының ұлғаюы Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт көлемін 400,3 миллиард теңгеге қысқартуға мүмкіндік берді.

"Оның көлемі нақтыланған бюджетте 2 880 миллиард теңгенің орнына 2 479,7 миллиард теңгені құрайды. Ұлттық қордан мақсатты трансферт халықаралық қаржы ұйымдарының заемдарын тарту және Үкіметтің арнайы резерві мөлшерінің азаюымен байланысты 54,6 миллиард теңгеге 752,9 миллиард теңгеге дейін азайтылды", - деді Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, қаржы министрі республикалық бюджет шығындары 2016 жылы бекітілген жоспардан 379,9 миллиард теңгеге артық екенін айтып өтті. 

"Республикалық бюджет шығындары 2016 жылы 8 646,7 миллиард теңгені құрайды, ол нақтыланған жоспардан  379,9 миллиард теңгеге артық. Бюджеттің шығын бағытын нақтылаудың басым бағыттары: экономикалық өсімді 283,4 миллиард теңге жалпы сомаға жеткізуге ынталандыру. Оның ішінде: АӨК қолдауға - 97,3 млрд теңге,  индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының 2-ші кезеңін жүзеге асыруға - 111,9 миллиард теңге;  көліктік инфрақұрылымды дамытуға - 74,2 миллиард теңге", - деді "2016-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" ҚР Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын таныстырған Бақыт Сұлтанов.

Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларға 70,2 миллиард теңге бағытталады. Оның ішінде 42,7 миллиард теңгесі Елбасының құқықтық тәртіпті нығайту және діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес бойынша тапсырмасын орындауға бағытталады.

"Шығын бөлігіне  жобалар бойынша міндеттерді  орындау 136,4 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Оның ішінде "ЭКСПО-2017" көрмесінің уақытылы ұйымдастырылуы мен дайындығын жеделдету мақсатына - 33,5 миллиард теңге, "Назарбаев Университеті" ААҚ ғылыми және білім нысандары құрылысын "ЭКСПО-2017" нысандарымен синхрондауға - 53,3 миллиард теңге, "Астана жаңа көліктік жүйесі" жобасының мемлекеттік кепілдендіруі бойынша мемлекеттік емес қарызды қаржыландыруға 27,1 миллиард теңге бағыттау қарастырылған", - деді Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, бюджеттік шығынның тиімділігін  арттыру және жыл соңында игерілмеу мәселесіне тап болмау мақсатында бюджетті нақтылау жобасында экономика жағдайында қаражатты қайта бөлу бойынша әкімшілердің ұсыныстары ескерілді.

Айта кетейік, осыған дейін қаражатты үнемдеу арқылы ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт 400,3 миллиард теңгеге азайтылғаны айтылған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети