2017 жылдан бастап зейнетақы мен арнаулы жәрдемақы көлемі қанша болатыны анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Қостанай жаңалықтары © Қостанай жаңалықтары

Қазақстанда 2017 жылдан бастап зейнетақы мен арнаулы жәрдемақылардың қанша болатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті қарастырылды.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2017 жылдан бастап зейнетақы мен арнаулы жәрдемақылардың қанша болатыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Мәжілісте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті қарастырылды.

Ведомство өкілдері бюджетті жоспарлай отырып, зейнетақылар мен арнаулы жәрдемақыларға қанша қаражаттың бөлінетінін айтты.

"2017 жылы зейнетақы көлемі 9 пайызға өседі. Осы негізде базалық зейнетақы көлемі 12 мың 802 теңгені құрайтын болады. 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрі 7 пайызға өседі", - деді ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетов.

Сонымен қатар, вице-министр әлеуметтік-еңбек саласы да жаңартылатынын айтып өтті.

"Күнкөріс деңгейінің ең төменгі көрсеткішін есептеу әдісін қайта қарау қарастырылып жатыр, ол бірінші кезеңде көрсеткішті азық-түліктік және азық-түліктік емес тұрғыдағы ара салмақты өзгерту арқылы күн көріс минимумының құрылымын өзгертуді көздейді. Аталмыш өзгерістерді жүзеге асыру үшін әлеуметтік төлемдерге қосымша қаражат бөлу қарастырылған. Бұл базалық зейнетақы, қамқоршысынан айырылуына байланысты жәрдемақы төлемдері және басқалары ол 2018 жылға - 63 миллиард теңге, 2019 жылы - 88 миллиард теңге", - деді Біржан Нұрымбетов.

ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, Қазақстанда 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібінде өзгерістер болады.

Айта кетейік, осыған дейін Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесінің жаңа жобасымен таныстырған болатын. "2043 жылға дейін зейнеткерлік жасқа келетін ынтымақты, сол сияқты жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі толық емес азаматтар - адамдардың бұл санатына базалық зейнетақы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жинақталған еңбек өтілі және жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 1998 жылдан кейінгі қатысу өтілі ескеріле отырып есептелетін болады. Зейнеткерлікке 2043 жылдан кейін шығатын адамдар - базалық зейнетақы жинақтарына байланысты есептелетін болады. Сондай-ақ, 1998 жылы зейнетке шыққан адамның зейнетақысы 32 мың 182 теңгені құрайды. Оның 22 мың 732 теңгесі борыштық, 10 мың 450 теңгесі базалық болып саналады. Біздің белгілеу бойынша, енді оның 42 жылдық еңбек өтілі болса, оның борышты зейнетақысына 10 мың 450 теңге емес, 20 мың 900 теңге қосылатын болады", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 522.13  course up  593.24  course up  6.42  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer