18 қараша 2019 | 13:08

2017 жылдан бері 33,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды - Үкімет

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында "Нұрлы жер" мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы және 2020-2025 жылдарға арналған жобасы қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап. 

Мемлекеттік бағдарлама жүзеге асқан 2017 жылдан бастап тұрғын үй құрылысы саласына 3,3 трлн теңгеден астам инвестиция салынды, оның 85 пайызы  - жеке инвесторлардың қаражаты. 300 мыңға жуық отбасыны баспанамен қамтамасыз етуге мүмкіндік берген 33,5 млн шаршы метр тұрғын үй салынды. 

Бағдарламада алғаш рет көп балалы отбасылар мен жұмыс істейтін жастарға арнап жалдамалы тұрғын үй салу, табысы төмен отбасыларға жеңілдікті ипотека, жеке құрылыс салушыларға субсидия беру сияқты жаңа механизмдер іске асырылды. 

Қызылорда, Ақтөбе және Түркістан облыстары тұрғын үй құрылысы бойынша көшбасшы өңірлер, Павлодар, Атырау, Маңғыстау облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы артта қалушы және қаражатты игеруде проблемалары бар өңірлер.

"ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Нұрлы жер" бағдарламасын іске асырудың маңызын, оның тұрғын үй құрылысына мықты серпін беретінін ерекше атап өтті", - деді Үкімет басшысы.

Премьер-министр осы жылдың жоспарлы көрсеткіші - 13 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беруді қамтамасыз етуді тапсырды.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің сайлауалды бағдарламасы мен Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қолданыстағы тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй саясаты аясында біріктіріп, 2025 жылға дейінгі "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуді тапсырды", - деді Мамин. 

"Нұрлы жер" тұрғын үй-коммуналдық дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы жылу және сумен жабдықтау, су тарту, коммуналдық секторды жаңғырту, 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту және 2020 жылға дейін өңірлерді дамыту бағдарламаларының аясында үйлерді жөндеу мәселелерін біріктіреді.

Премьер-инистр жаңа "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы әрбір қазақстандыққа тұрғын үй мәселесін өзінің табыс деңгейіне қарай шешуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

 Жобада тұрғын үй проблемасын шешумен қатар, халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғырту, тұрғын үй қорын жөндеу де көзделген.

Асқар Мамин Мемлекеттік бағдарламаны осы жылдың соңына дейін қабылдауды қамтамасыз етуді тапсырды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети