25 қазан 2016 17:06

2017 жылғы Универсиадаға 100 күн қалуына орай өткен жаттығуларға 3000-нан астам білім алушы қатысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Almaty2017.com © Almaty2017.com

Қазақстанның бірнеше аймағында 2017 жылғы Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай оқу ордаларында танымал спортшылардың қатысуымен таңғы жаттығулар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның бірнеше аймағында 2017 жылғы Универсиаданың басталуына 100 күн қалуына орай оқу ордаларында танымал спортшылардың қатысуымен таңғы жаттығулар өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Универсиаданың сайтына сілтеме жасап.

Алматыдағы №117 орта мектебінде ұйымдастырылған таңғы жаттығуға Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері Дариға Шәкімова қатысып, оқушыларға мастер-класс өткізді.

"Біз спортшылар болған соң, салауатты өмір салтын насихаттаймыз. Универсиаданы қолдау мақсатында, мектептерде осындай дәрістер өткізуді бастадық. Мұндай шаралар балалардың спортқа ден қоюуына септігін тигізеді. Мен Универсиаданың елшісімін. Осындай мәртебеге ие болғаныма қуаныштымын, және қолымнан келгенімді аямаймын. Біздің Универсиадаға қатысатын спортшылар ел намысын абыроймен қорғайтынына сенімдімін. Өйткені, олар жарысқа жақсы дайындалып жүр", - деді Д.Шәкімова.

Дәл осындай таңғы жаттығулар бүгін Ақтау, Атырау, Орал, Тараз, Көкшетау, Астана қалаларында да өткізілді. Мәселен, Оралда өткен таңғы жаттығуға 1200 студент қатысқан. Жиналған қауымға Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері, палуан Екатерина Ларионова мен гір спортынан әлем чемпионаттарының жүлдегері Сағидолла Қайбалиев шеберлік көрсетті.

Ал Таразда өткен таңғы жаттығуларға бірнеше танымал спортшылар қатысқан. Олардың арасында Әлем чемпионаттары мен Азия біріншілігінің жүлдегерлері мен Олимпиада ойындарына қатысушылар бар.

"Таразда үш бірдей оқу орындарында 2017 жылғы Универсиадаға 100 күн қалуына орай таңғы жаттығулар өткізілді. Оған барлығы танымал 14 спортшымыз атсалысты. Олардың арасында, 2011 жылғы бокстан Әлем чемпионатының қола жүлдегері Ғани Жайлауов, Азия чемпионы Олжас Сәттібаев, жеңіл атлетикадан 2015 жылғы жазғы Универсиаданың жеңімпазы Светлана Голендовалар болды",- деп хабарлады Жамбыл облыстық спорт басқармасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети