2017 жылғы Универсиаданың туристтік мүмкіндіктері "Astana Leisure 2016" көрмесінде таныстырылды. Халықаралық көрменің қорытындысы бойынша, 10-нан астам аймақтық және шетелдік туристтік агенттіктер 2017 жылы Алматыдағы Универсиадаға туристтер тартуға ынталы екенін танытты.

Астанада "Astana Leisure 2016" атты халықаралық көрме өтті. Оның барысында демалыс пен саяхат бойынша жаңа бағыттағы бағдарламалар мен өзекті бағыттар, қолайлы ұсыныстар ұсынылды. Көрмеге 100-ге жуық туристтік кластерлер: 15-тен астам турфирмалар мен әуекомпаниялары қатысты.
"Astana Leisure 2016" көрмесі аясында, 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиаданың ақпараттық тақтасы қойылды. Көрме барысында 2017 жылғы Универсиада дирекциясының өкілдері келер жылы өтетін спорттық додаға туристтерді тарту жолында қандай жұмыстардың атқарылып жатқанын атап өтті.
"2017 жылы Алматыда өтетін студенттік ойындар шаһарды қысқы туризмнің орталығы ретінде әспеттейді. Небәрі 4 айдан соң Алматыда 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтеді. Бұл ойындар ел ішіндегі туризмнің дамуына серпін береді", - деді 2017 жылғы қысқы Универсиада дирекциясының маркетинг бойынша кеңесшісі Оксана Ризаненко.
"Astana Leisure 2016" аясында, ҚР Индустрия және даму министрлігінің департаментінің бастамасымен барлық аймақ өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті. Конференция барысында аймақтық басқармалардың өкілдеріне Алматы мен 2017 жылғы Универсиаданың мүмкіндіктері таныстырылды. Жұмыс кездесуінің қорытындысы бойынша, барлық аймақтар бірлесе жұмыс істеуге дайын екендіктерін жеткізді.