ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 2017 жылы қанша терактіге тосқауыл қойылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері 2017 жылы қанша терактіге тосқауыл қойылғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Елдегі жағдай тұрақталды, террористік және экстремистік акцияларға өткізілген жоқ. 2017 жылы террористік сипаттағы 11 акцияның жолы кесілді", - деді ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚР Парламенті Сенатының отырысында.
Сондай-ақ, ол осы әрекеттердің барлығы алдын ала тоқтатылғанын айтты.
"Біз Таяу Шығыс, бірінші кезекте Сауд Арабиясынан келген діни ағымды үгіттеушілерді экстрадициялап, елден шығардық. Сонымен қатар, олардың ішінде сотталған Абдухалил Абдужапаров бар. Республика аумағында діни ағымды белсенді түрде үгіттеген 22 адамға қатысты қылмыстық тергеу шараларын қолдандық", - деді Нұрғали Білісбеков.
"Біз Интерполдың бағытымен жұмыс істейміз. Шетелдегі Қазақстан азаматтары Интерпол желісі бойынша есепке алынып, бақылауда жүр. Мемлекеттік шекараны кесіп өтпек болған жағдайда олардың барлығы ұсталып, Қазақстанға экстрадияланады", - деді ол.