14 қазан 2016 | 17:56

2017 жылы ЕАЭО елдерінде негізгі азық-түлікпен өзін-өзі қамту деңгейі 94 пайызға жоғарылайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы ЕАЭО елдерінде негізгі азық-түлікпен өзін-өзі қамту деңгейі 91,2 пайыздан 94 пайызға жоғарылайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөндірістік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен мәлімдеді, - деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы ЕАЭО елдерінде негізгі азық-түлікпен өзін-өзі қамту деңгейі 91,2 пайыздан 94 пайызға жоғарылайды. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның агроөндірістік саясат департаментінің директоры Станислав Бубен мәлімдеді, - деп хабарлайды strategy2050.kz сайты.

Ол Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің  ұжымдық өндірістік қауіпсіздік  әлеуеті туралы айтып өтті. Ол айтып өткендей, бұл мәселелер одақтың саяси, экономикалық және әлеуметтік бағыттарының маңызды бөлігі болып саналады.

"2017 жылы негізгі азық-түлікпен өзін-өзі қамту деңгейі 2014 жылмен салыстырғанда 91,2 пайыздан 94 пайызға көтеріледі. Атап айтсақ, ет бойынша - 79,6 пайыздан 83,7 пайызға дейін, сүт -  91,6 пайыздан  95,6 пайызға дейін, шошқа еті - 87 пайыздан 93,5 пайызға дейін. 2017 жылға қарай одақтың өзін-өзі қамтуын толық жүзеге асыру қарастырылған", - деді ол. С. Бубен аграрлық саладағы проблемаларды шешуге назар аударды.

"АӨК саласын тиімді дамыту бойынша Одақ елдері ғылымның ең озық тәсілдерін қолдануы керек, ауыл шаруашылығы шикізатын өңдеу, ғылыми және технологиялық перспективаларды енгізу қажет", - деді ЕЭК департаментінің басшысы.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети