13 мамыр 2016 | 13:19

2017 жылы жоғары оқу орнына түсуге емтихан форматы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2017 жылы қазақстандық түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін бітіру емтиханын және оқуға түсу емтиханын бөлек тапсыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

2017 жылы қазақстандық түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін бітіру емтиханын және оқуға түсу емтиханын бөлек тапсыратын болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов хабарлады.

"Келесі жылдан бастап тестілеуді екі бөлікке бөлеміз. Біріншісі - мектептер дәстүрлі түрде барлық пәннен емтихан тапсырады. Мектеп бітірген оқушы аттестатын алады. (...) ҰБТ мектеп оқушыларын немесе жоғары оқу орындарына түскісі келетіндерді іріктеудің бір формасы ғана болып қалады. Аттестация, баға - мектептерге, жергілікті атқару органдарға беріледі", - деді ол.

"ҰБТ - атауы қалады. Барлық инфрақұрылым мен механизмдер сақталады. Біз түлектерге жоғары оқу орындарына түсуге бірдей жағдай жасауымыз қажет (...) Ол Бірыңғай ұлттық тестілеу болып қалады. Бірақ ол жоғары оқу орнына түсу емтиханы болып қалады. Бүгінде мәселелер қаралып жатыр, ректорлық корпуспен, ата-аналармен, қоғаммен ақылдасып жатырмыз. Меніңше, тамыз жиналысында нақты құрылымы дайын болады. Мұны бөлек емтихандар болады деп жоспарлап отырмыз (...). ҰБТ мазмұны да өзгеріске түседі (...)", - деді Нүсіпов. 

ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиев бірнеше нұсқаның қаралып жатқанын қоса айтты. "Олардың бірі - әрбір мамандық бойынша профиль пәндерді анықтау. Мәселен, "Жалпы медицина" деген нақты мамандықты таңдаса, онда ол химия мен биологияны тапсырады. Әрмен қарай талқылаймыз", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети