27 қазан 2017 | 13:42

2018 жылы еңбекақы өсе ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жұмыс берушілердің 60 пайызы қызметкерлерінің еңбекақысын көтерді. 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейін компаниялар арасында жүргізген сауалнамасында EY компаниясының мамандары осындай шешімге келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жұмыс берушілердің 60 пайызы қызметкерлерінің еңбекақысын көтерді. 2016 жылдың 1 шілдесінен 2017 жылдың 30 маусымына дейін компаниялар арасында жүргізген сауалнамасында EY компаниясының мамандары осындай шешімге келіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Дегенмен компаниялар еңбекақыны қызметкерлер деңгейіне қарай көтерген. Компаниялардың басым бөлігі (50 пайыздан астамы) жоғары және орта буындағы басшылық, сондай-ақ мамандардың еңбекақысын өсірген. 

Сауалнама қорытындысы бойынша, компаниялардың көбі (57 пайызы) 2018 жылы орта буындағы басқарушы қызметкерлер мен мамандардың еңбекақысын көтеруді жоспарлап отыр. 

2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы сырқатына байланыста жұмыста болмауына қатысты қызметкерлерге қосымша өтемақы беретін компаниялар қатары алты пайызға артқан, ал өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерін беретін компаниялар саны сегіз пайызға артқан. 

Сонымен қатар, компаниялардың басым көпшілігі (63 пайызы) қызметкерлер санын өзгертпейді, ал 35 пайызы жұмысшылар санын арттырады да, 2 пайызы ғана жұмыс орнын қысқартады. 

Мұның алдында еңбек нарығының сарапшасы Әлия Оразалиева Қазақстанның кадрлық нарығы талаптарын болжамына есеп жүргізетін әдістеме жасап, 2019 жылға дейінгі сұранысқа ие және сұраныс болмайтын мамандықтар рейтингін жасады. Рейтинг бойынша, 2019 жылға дейін құрылыс, ақпараттық технология, логистика, ғылым (химия, физика, нано- және биотехнолгия), медицина (аясы тар мамандықтар), қаржды сарапшылары, жұмысшы мамандар мен әдеуметтік сала мамандары сұранысқа ие болады. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети