2018 жылы қанша қазақстандық Ресейге көшті?

ПОДЕЛИТЬСЯ

2018 жылы қанша қазақстандық Ресейге көшті? © pixabay.com

Ресейге барып жатқан мигранттар саны бойынша Қазақстан рейтингте екінші орында тұр, - деп хабарлайды РИА Новости.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейге барып жатқан мигранттар саны бойынша Қазақстан рейтингте екінші орында тұр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Росстат мәліметінше, 2018 жылы Ресейге көшкен мигранттар саны бойынша Тәжікстан бірінші орын алған - 31 мың адам, екінші орында Қазақстан - 25,5 мың адам. 

"2018 жылы ТМД-ға мүше елдер бойынша барлық елмен халық алмасуда көші-қон өсімінің қысқарғаны байқалады", - делінген ведомство хабарламасында. 

Басылым мәліметінше, өсім тек Түрікменстанмен көші-қон алмасуында өткен жылмен салыстырғанда 2,7 пайызға - шамамен 3 мың адам, Армениямен 2,6 пайызға - 14,4 мың және Әзербайжанмен 1,6 пайызға-8,7 мың адамға артқан.

Украинадан Ресейге мигранттардың келуі үш есеге қысқарған: 2017 жылы - 47 мыңнан аса адам, ал 2018 жылы - 14,8 мың адам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети