26 маусым 2015 | 15:13

2018 жылы мемлекеттік қызметкерлер мен студенттерді есірткі тестілеуінен өткізу енгізілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Оxota-ru.ru © Оxota-ru.ru

Қазақстанда 2018 жылы азаматтардың белгілі бір категориясын есіртікі тестінен өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда 2018 жылы азаматтардың белгілі бір категориясын есіртікі тестінен өткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы бүгін брифингте ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес департаментінің басшысы Сұлтан Күсетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Азаматтардың белгілі бір категориясын есіртікі тестінен өткізу мәселесі зерттеліп, пысықталып жатыр. Бұл 14 пен 18 жас арасындағы жасөспірімдер, мемлекеттік қызметке үміркерлер мен қоғамдық және жеке көліктің жүргізушілері, қару пайдалануға мүмкіндік алған жеке күзет фирмаларының қызметкерлері. Қазір заң қызығушылық танытқан құқық қорғау органдарымне бірге пысықталып жатыр. Бірақ біз мұны 2018 жылы қабылдауды жоспарлап отырмыз", - деді Күсетов.

"Бұл жете пысықтауды қажет ететін маңызды заң. Заң азаматтардың конституциялық құқығын қамтиды", - деді Күсетов ақпарат құралдары өкілдерінің сұрақтарына жауап бере отырып.

Ол ІІМ ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігімен бірге жедел жәрдем, неврология, жеке медициналық орталықтарға түсетін және көмек сұрайтындардың Наркологиялық аурулардың республикалық бірыңғай реестрін құру мәселесін қарап жатқанын айтты.

"Өткен жылы біз сынама заңды дайындадық, биыл ақпан айынан бастап реестр бар. Мойындау керек, синтетикалық есірткінің таралуына байланысты өзімізге мәселе туындатып алдық: біз есірткі қолданатындарды ашып бермедік. Олар қазір емдеу мекемелерінде белгісіз затпен уланды деген диагнозбен жатыр. Біз олардың неден уланғанын білмейміз. Егер олар есірткі қлоданғаннан кейін түссе, синтетикалық есірткінің кең таралғаны, ал біз оларды көрмейміз", - деді есірткіге қарсы күрес департаментінің басшысы.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети