2019 жылы 20 557 шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы 20 557 шетелдікке Қазақстанда жұмыс істеуге рұқсат етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Министрліктің мәліметінше, оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 816, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4 595 рұқсат шығарылды.
"Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді - 9 656 адам және 1 769 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 2 156, корпоратив ауысым аясында жұмыс істеуге 1 565 адам тартылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 2 210 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 518,8 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызы", - делінген ведомство хабарламасында.
Министрліктегілердің мәліметінше, еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 397 адам, Өзбекстан - 2 254 адам, Үндістан - 1 819, Түркия - 1 845, Ұлыбритания - 1 420 адам.