2019 жылы зорлықшылардың жартысы жазадан құтылып кетті - ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы зорлықшылардың жартысы жазадан құтылып кетті - ІІМ © Тұрар Қазанғапов

2019 жылы зорлау ісі бойынша жартысынан көбі тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық істер қысқарған. Бұл туралы ІІМ Тергеу комитетінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

2019 жылы зорлау ісі бойынша жартысынан көбі тараптардың мәмілеге келуіне байланысты қылмыстық істер қысқарған. Бұл туралы ІІМ Тергеу комитетінің басшысы Санжар Әділов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Зорлау бойынша барлық қылмыстық істер тек сотқа жіберіледі. 2019 жылы зорлау бойынша қылмыстық істердің 51 пайызы қылмыстық кодекстің ережелеріне сәйкес тоқтатылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 1-бөлігі ("Зорлау") және 121-бабы ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері") бойынша көзделген құқық бұзушылық жасағандар тараптардың мәмілеге келу туралы арыз болған кезде сексуалдық сипаттағы зорлау әрекеттері қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Заңды қолданудың осындай тәжірибесі қоғам тарапынан сынға ұшырады", - деп түсіндірді Әділов.

Енді, оның айтуынша, жазаның көп бөлігін өтеу қажеттілігі бекітілгеннен кейін зорлық-зомбылық және жыныстық қылмыс жасауға жол берілмейді.

Еске салайық, Қазақстанда зорлаудан кейін мәмілеге келу тәжірибесін алып тастады. Зорлық-зомбылық орта ауырлық деңгейінен ауыр қылмыс түріне көшеті. Балаларға қарсы жасалған мұндай қылмыстар аса ауыр қылмыстарға жатқызылады. 14 жасқа толмаған балаларға қарсы зорлық-зомбылық жасағаны үшін 20 жасқа дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы немесе өмір бойы қамау көзделеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети