29 қаңтар 2015 13:30

2020 жылға дейін Қазақстан әуежайларына 167 миллиард теңге инвестиция тартылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бес жыл ішінде Қазақстан әуежайларын дамытуға 167 миллиард теңге инвестиция тартылады, бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Airport Management Group ЖШС (AMG) бас директоры Клод Бадан айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 


Бес жыл ішінде Қазақстан әуежайларын дамытуға 167 миллиард теңге инвестиция тартылады, бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Airport Management Group ЖШС (AMG) бас директоры Клод Бадан айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Премьер-министрінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Қазақстан әуежайларына аударылған инвестициялар - 167 миллиард теңге, оның 62 миллиард теңгесі - төменгі техникалық талаптарға арналған инвестициялар, қалған 105 миллиарды әуежайларды дамытуға жұмсалады", - деді ол. Оның мәліметінше, 2030 жылға дейін тағы 22,8 миллиард инвестиция аудару көзделіп отыр. 

Қазіргі уақытта әуежайларда жолаушыларға төлқұжат және кеден бақылауы кезінде қолайлы жағдай жасау үшін кезекке тұруды басқарудың америкалық жүйесі енгізілген, Астана мен Қызылорда әуежайларында жаңа жолаушылар терминалын салу жөніндегі жоба іске асырылып жатыр. AMG мамандары Петропавл мен Қостанай әуежайларының аэродром кешендерін, жұмыс жобалары мен терминалдарын жасауға да қатысады. 

Басқарушы компания басшысының мәліметінше, 2015-2017 жылдар аралығында Астана, Петропавл, Қостанай әуежайларында ұшу-қону жолақтарын, жолаушылар терминалдары мен аэродром инфрақұрылымын қайта салу жөніндегі ірі жобалар іске асырылады. Астана, Қызылорда, Шымкент әуежайларында барлық халықаралық талапқа сай келетін жаңа жолаушылар терминалдары салынады. 

Үкімет басшысы ресми сайтының хабарлауынша, Клод Бадан 2030 жылы Қазақстанда мемлекеттік әуежайлардағы жолаушылар ағынының төрт есеге артатынын да айтты. "2013 жылмен салыстырғанда жолаушылар тасымалы 10 пайызға артып. 3,7 миллион жолаушыға өсті. Ал жүк тасымалы 2013 жылмен салыстырғанда 4 пайызға өсіп, 10 300 тоннаға артығымен орындалды", - деді ол.

Айта кетейік, Airport Management Group серіктестігі Мемлекет басшысының тапсырмасына сай 2013 жылдың қараша айында "ҚТЖ" ҰК" АҚ құрылымдарында әуежайларды басқару жөніндегі мамандандырылған компания ретінде құрылды. Қазақстанның алты әуежайының акциялар пакеті осы серіктестіктің сенімді басқарылуына 7 жыл мерзімге берілді. Олар: Астана, Қостанай, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Қызылорда әуежайлары. Басқарушы компанияға барлығы 11 әуежайды шоғырландыру қарастырылған. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети