Қазақстанда 2020 жылға дейін автожолдардың бойында қызмет көрсететін 260 нысан салынады, олардың құрылысына "жасыл" технология қолданылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл нысандар көлік жүйесіндегі инфрақұрылымды дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалар бойынша жүзеге асады және ол қосымша 2000 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Берік Қамалиев ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде өткен селекторлық кеңес барысында мәлімдеді.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жалпы республика бойынша автожолдардың бойына барлығы 400 қызмет көрсету нысаны салынуы қажет. Қазіргі таңда кешенді түрде қызмет көрсетіп тұрған 44 нысан бар.
Берік Камалиевтің айтуынша, нысандардың құрылысын қазірден бастаған жөн. ""Батыс Еуропа - Батыс Қытай" транзиттік дәлізінің бойында және Қордай елді мекенінде қызмет көрсететін 50 нысан жұмыс істеп тұр. Айналма жолдың құрылысы аяқталған соң, дәл осындай көлемде қызмет көрсету нысандарын салу керек. Жергілікті әкімдіктер мен әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар бірігіп, қазірден бастап айналма жолдың бойынан жер телімдерін алып, қызмет көрсету нысандарының құрылысына инвесторлар тарту бойынша жұмыстарды бастағандары жөн", - деді ол.
Айта кетейік, "ҚазАвтоЖол" ҰК" акционерлік қоғамы қызмет көрсету нысандарын орналастыру талаптарына байланысты ұлттық үлгіні әзірледі. Ол 2015 жылдың 1 шілдесінен бастап бекітіліп, қолданысқа енгізіледі. Мемлекеттің қолдауымен Орталық - Оңтүстік, Орталық - Шығыс, Орталық - Батыс дәліздерін қайта қалпына келтіру барысында Аршалы, Ошағанды, Шідерті, Лебяжі, Ұлан, Бейнеу, Торғай және Қыздыңшұбары елді мекендерінде 8 қызмет көрсету нысанын салу жоспарланған. Аталған нысандарды салу кезінде EХPO-2017 халықаралық көрмесінің өтуі ескеріліп, энергияның басқа да көздері пайдаланылып, "жасыл" технология қолданылады.