23 желтоқсан 2020 | 11:01

2020 жылы кешірім сұраған атышулы қазақстандықтар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

2020 жылды қазақстандықтар үшін камера алдында кешірім сұрау жылы деп атауға болады. Tengrinews.kz редакциясы кешірім сұрауымен есте қалған қарапайым тұрғындардың, шенеуніктер мен әртістердің видеосына шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

2020 жылды қазақстандықтар үшін камера алдында кешірім сұрау жылы деп атауға болады. Tengrinews.kz редакциясы кешірім сұрауымен есте қалған қарапайым тұрғындардың, шенеуніктер мен әртістердің видеосына шолу жасады. 

Коронавирус пандемиясы басталған соң Қазақстанда төтенше жағдай режимі енгізілді. Көптеген қазақстандық табысынан айырылып, 42 500 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) алатын болды.

Көптеген өтініштің түсуі және деректердің көп болуына байланысты жүйе ақпаратты өңдей алмай қалды. Салдарынан қазақстандықтар 42 500 теңгені уақытында ала алған жоқ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге ұзақ есептелгені үшін халықтан кешірім сұрады

Уақыт өте елімізде төтенше жағдай режимі алып тасталды, бірақ қатаң карантин режимі сақталды. Осы сәтте кей қазақстандық қашықты сақтамай, оқшаулану ережелерін жиі бұзып, маска тақпай жүрді. Тіпті, танымал әртістер жанкүйерлерінің алдында ережелерді елеген жоқ. Кейін олар камера алдында кешірім сұрауға мәжбүр болды.

Мысалы, Алматыда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін блогер Zheka Fatbelly-ге айыппұл салынды. Кейін ол карантин талабын бұзғаны үшін кешірім сұрады.

Сәуірде әлеуметтік желіде белгісіз ер адамның Мақтаарал ауданындағы медицина қызметкерлеріне тіл тигізіп, қорқытып жатқан видеосы пайда болды. Кейін полиция "Қауіп төндіру" бабы бойынша іс қозғады.

Ер адам мұндай дөрекі әрекетке барғанына өкінетінін айтып, ендігі жолы мұндай әрекет жасамауға уәде берді. Сонымен қатар, ол медицина қызметкерлерінен және қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Осы айда желіде тағы бір видео жарияланды. Видеодан 30 жастағы ер адам тәртіп сақшыларының "Құжатыңызды көрсетіңіз" деген талабына бағынбай, оларға қарсылылық көрсеткенін көруге болады. Ол полиция қызметкерлерінің ар-намысына тиетін сөздер айтып, өзін колумбиялық есірткі бароны Пабло Эскобармын деп таныстырған.

"Пабло Эскобар" да сол күні камера алдында халықтан кешірім сұрады.

2020 жылдың жазында Қазақстанға басқа елдерден гуманитарлық көмектің уақытында жеткізілмеуіне байланысты "СҚ-Фармация" компаниясында шу шықты.

Шетелден гуманитарлық көмек арқылы келген дәрілер дәріханаларда сатыла бастады деген болжам айтылды.

Кейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстанға жеткізілген гуманитарлық көмектің қалай бөлінгеніне қатысты тексеріс басталғанын мәлімдеді. Осы уақытта "СҚ-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Шәріп Берік қызметінен босатылды. Ол "ұрлық жасады" деген күдікке ілініп, оған қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"СҚ-Фармация" ЖШС-ның жаңа басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев ескі басшылықтың жіберген қатесі үшін қазақстандықтардан кешірім сұрады.

Шілдеде желіде Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне кірген жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігінің фотосы жарияланды. Сурет желіде қызу талқыланып, қазақстандықтардың наразылығын тудырды.

Кейін көліктің иесіне айыппұл салынып, ол да камера алдында халықтан кешірім сұрады.

Сонымен қатар, шілдеде журналист Динара Тұрсынова Алматыдағы автобуста санитар дәрігердің талабына сәйкес жолаушыдан маска тағуды сұраған. Осы сәтте ер адамның ар-намысына тиетін ауыр сөздер айтып қорқытқан.

Кейін мамандар карантин талабын бұзған жолаушыны тауып, автобус жүргізушісін жазаға тартты.

Ол камера алдында кешірім сұрап, қазақстандықтарды маска тағып жүруге шақырды.

Алматы облысының бас санитар дәрігері қызметіне жаңа тағайындалған Ерғали Сыдыманов бірінші жұмыс күні Талдықорған тұрғындарының ашуына тиді. Тұрғындар оның әрекеті мен сөзіне шағымданды.

Кейін Сыдыманов қатесін түсініп, халық алдында кешірім сұрады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nur Kanatuly (@nur.kanatuly.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети