2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көтерілетіні белгілі болды

2020 жылы мұғалімдердің жалақысы қанша пайызға көтерілетіні белгілі болды © Тұрар Қазанғапов

Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Тамыз конференциясында мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жыл ішінде екі есеге көбейтуді тапсырдым. Бұл келесі жылы мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға көтеріледі деген сөз", - деді Президент жолдауында. 

Еске салайық, мұның алдында Президенттің бүгін, 2 қыркүйекте халыққа Жолдау жариялап, онда ішкі саяси мәселелер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономиканы жаңғырту, халықты әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері айтылатыны хабарланған еді. 

Тоқаев бес пайыздық зейнетақы аударымдарын енгізу мәселесін кейінге қалдырды

Мемлекет басшысының баспасөз қызметінің жетекшісі Берік Уәлидің айтуынша, Жолдау бүгін сағат 11:00-де Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланып, сағат 15:00-де барлық республикалық телеарнадан көрсетіледі.

Президент зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуді тапсырды

Естеріңізге салсақ, ERG компаниясының қолдауымен "Қазақстанның ұлағаты ұстаздары" жобасы басталған. Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірлесіп "Батырлар арамызда", "Жеңімпаздар", "Қазақстанның дарынды балалары" арнайы жобалары қолға алынған.

Мектеп кезіңізді еске түсіре отырып, сүйікті мұғалімдеріңіз немесе балаларыңыздың ұстаздары жайлы айтарыңыз болса, [email protected] поштасына хабарлама жіберсеңіздер болғаны. Осы жоба арқылы алғыс айтылуы тиіс мұғалімдерімізді бүкіл елге танытқымыз келеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети