2022 жылы ҰБТ тапсыруда қандай өзгерістер болады? БҒМ жауабы

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылы ҰБТ тапсыруда қандай өзгерістер болады? БҒМ жауабы

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ-ның дайындық тестінің құнын төмендетуді тапсырып, емтихан тапсыруда түлектердің үстелдеріне қосымша камера орнатылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр биыл қауіпсіздікті, сондай-ақ, тестілеудің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін жаңа тәсілдер енгізіліп жатқанын айтты.

"Жаңалықтардың бірі - қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді", - деді министр аппараттық кеңес барысында.

Сондай-ақ, министр сынақ тестінің бағасын апта ішінде екі есеге төмендетуді тапсырды.

"Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет. Сондықтан бүгін тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырамын. Бір апта ішінде бұл шешімді жүзеге асырып, баяндау қажет", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети