2023 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен алматылық өлі табылды

2023 жылдың желтоқсанында жоғалып кеткен алматылық өлі табылды ©️ instagram/volontery_almaty_lider.kz

Алматыда былтыр желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда былтыр желтоқсанда із-түссіз жоғалып кеткен ер адам өлі табылды. Бұл туралы LIDER.KZ еріктілері Instagram-парақшасында хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ршимов Айян Едігеұлы, 1990 жылы туған, 2023 жылдың 13 желтоқсанында жоғалып кеткен. Сағат 18:00 шамасында Медеу ауданы, Талғат Бигелдинов көшесі, 74 үй мекенжайындағы үйінен шығып кеткен.

Белгілері: бойы – 180 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа, көзі қоңыр. Үстінде қара күрте мен қара қалпақ болған.

Еріктілердің айтуынша, ер адам қайтыс болған. Оның денесі 10 сәуірде табылды. Ер адамның өлімінің мән-жайы нақтыланған жоқ.

Жарнама
Жарнама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама