25 желтоқсан 2023 09:23

2023 жылдың қорытындысы: Қазақстанда пайдаланылмай жатқан қанша жер қайтарылды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeministr.kz Фото: primeministr.kz

Үкімет 2023 жылдың қорытындысы бойынша аграрлық секторды дамытудың жетістіктері мен нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Үкімет 2023 жылдың қорытындысы бойынша аграрлық секторды дамытудың жетістіктері мен нәтижелері туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі ауыл шаруашылығы саласының дамуының 2023 жылғы нәтижелеріне арналған шолуды ұсынады.

Саланы одан әрі дамыту аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс көлемін ұлғайту және отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің қосылған құнын арттыру бойынша стратегиялық міндеттер қойды.

Ауыл шаруашылығы:

● Биылғы 11 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 8,2 триллион теңге болды. 16,6 миллион тонна дәнді дақылдар, 2,1 миллион тонна майлы дақылдар және 5 миллион жем-шөп дақылдары жиналды. Былтырдан ауысқан қорды есептегенде, жиналған өнім ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге жеткілікті.

● Қазақстанның мал шаруашылығы саласы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Биылғы 11 айда өнім өндіру көлемі 3,3 пайызға артып, 3,8 триллион теңге болды.

● Ірі қара мал басы 2,9 пайызға (9 миллион бас), ұсақ мал басы 4 пайызға (23,6 миллион бас), жылқы 8,3 пайызға (4 миллион бас), түйе 5,3 пайызға (277,6 мың бас), сондай-ақ құс 9,5 пайызға (54 миллион бас) өсті.

● Азық-түлік өндірісінің көлемі 1,9 пайызға өсіп, 2,9 триллион теңге болды. Атап айтқанда, сары май өндірісі 18,4 пайызға (28,7 мың тонна), ірімшік пен сүзбе өндірісі 9,3 пайызға (39,8 мың тонна), өңделген сүт өндірісі 3 пайызға (548,1 мың тонна), шұжық өнімдерінің өндірісі 1,9 пайызға (61,4 мың тонна), өсімдік майы өндірісі 1 пайызға (609,4 мың тонна) ұлғайды.

● Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы АӨК саласындағы ірі өнеркәсіп жобаларын іске асыру бойынша Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін басқа өңірлерге тарату мақсатында ауқымды жұмыс басталды.

Аталған мақсаттарға 100 миллиард теңге бөлінді, бұл 65 тауарлы сүт фермасының құрылысын қаржыландыруға және сүт өндіру көлемін кемінде 373 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. 2024 жылы бағдарламаны іске асыруға қосымша 100 миллиард теңге бағыттау жоспарланып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысында Аққайың ауданында 400 мал басына арналған жаңа сүт фермасы іске қосылды. Жобаға 1,2 миллиард теңге салынды. Ферманы іске қосу "Солтүстік" ӘКК арқылы жеңілдетілген қаржыландыру бойынша пилоттық жобаның арқасында мүмкін болды.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту арқылы "Ауыл аманаты" атты ауыл халқының табысын арттыру бағдарламасын ауқымды түрде іске асыру басталды. 2023 жылы бұл мақсаттарға 100 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде 17 мың шағын несие беру жоспарланып отыр, бұл 18 мыңға жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жалпы бүгінде шамамен 69,4 миллиард теңге сомаға 11,3 мың шағын несие берілді", - делінген хабарламада.

Бүгінде жоба аясында еліміздің барлық облысында жеке қосалқы шаруашылықтарды, шаруа және фермер қожалықтарын, сондай-ақ қайта өңдеу кәсіпорындарын біріктіретін 400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

"Пайдаланылмай жатқан және заңнама талаптарын бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару бойынша жұмыс жалғасуда. 2023 жылы мемлекетке 4,6 миллион га, ал 2022 жылдың басынан бері 10 миллион га қайтарылды. Жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлер тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың пайдасына беріледі".

Абай облысының Көкпекті ауданында 1 543 га алқапта суару жүйелерінің құрылысы аяқталды, 960 га дәнді дақылдарды суаруға арналған 17 машина орнатылды. Жобаның жалпы құны 1,5 миллиард теңге болды.

● Мемлекеттік қолдаудың арқасында салаға салынып жатқан инвестициялар көлемі артып келеді. 2023 жылдың басынан бастап отандық АӨК-те 164,5 миллиард теңгеге 207 инвестициялық жоба іске қосылды.

  • Қостанай облысында жылына қуаттылығы 40 тонна құрғақ саумал өндірісі іске қосылды. Жобаның жалпы құны 10 миллиард теңгені құрады;
  • Сонымен қатар Қостанай облысында Arbel Bakliyat түрік компаниясы тәулігіне 1 000 тоннаға дейін бұршақ дақылдары өндірісінің толық циклі жобасын іске асырды. Бірінші кезеңдегі инвестициялар көлемі 4 миллиард теңгені құрайды, кейіннен 9,4 миллиард теңгеге дейін ұлғайтылмақ;

  • Солтүстік Қазақстан облысында 4-ші буынға жататын жаңа инновациялық жылыжай іске қосылды, онда жылына 3 мың тоннаға жуық қызанақ, қияр және салат жинау жоспарланып отыр. Жобаның құны – 7,2 миллиард теңге;
  • Ақмола облысында швейцариялық Buhler концернімен бірлестікте құны 2,5 миллиард теңгеден асатын глютенсіз сұлы үлпегі өндірісі бойынша жоба іске асырылды. Зауыттың қуаты – сағатына 2 тонна. Кәсіпорында шикізатты қабылдау, кептіру, тазарту және сақтау аймақтары бар;
  • Павлодар облысында 10 мың тонна өнімге арналған көкөніс қоймасы іске қосылды, жоба 1,8 миллиард теңгеге бағаланып отыр;

Павлодар облысында биыл сыйымдылығы 65 мың тонна болатын 6 көкөніс қоймасы іске қосылды.

  • Шығыс Қазақстан облысында қуаты 12 мың тонна астық қоймасының құрылысы аяқталды, жобаның құны – 1,2 миллиард теңге.
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы ең ірі "Emc agro" ЖШС ет комбинаты жылына 15 мың тонна дайын өнім өндіре бастады. Жобаның жалпы сомасы – 11,5 миллиард теңге.

Жалпы 11 айдың қорытындысы бойынша республиканың ауыл шаруашылығына 855 миллиард теңге (өткен жылғы деңгейден 11 пайызға артық), ал азық-түлік өндірісіне 130 миллиард теңге (өсім – 9,5%) тартылды.

● Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялауға барлық көздерден шамамен 500 миллиард теңге бөлінді.

● Субсидиялау жүйесі реформаланды. Қағидалардың барлығына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған ұсыныстары негізінде нақты өзгерістер енгізілді.

● Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі енгізілді – ол фермерлер үшін тегін және барлық мемлекеттік деректер базасымен интеграцияланған. Оның аясында шағын және орта шаруашылықтардың субсидияларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін "күту парақтары" енгізілді.

● Алғаш рет субсидиялаудың жалпы қағидаларына фермерлер жылыжайларына маусымаралық кезеңде жабық топырақта көкөніс өсіруге жұмсалатын электр энергиясы, газ және көмір шығындарын субсидиялауға мүмкіндік беретін норма енгізілді. Желтоқсан айының соңында Түркістан облысында фермерлер жылыжайларына субсидия беріле бастады.

2023 жылы Түркістан облысында қарқынды бау-бақша алқаптары 5 405 га-ға дейін ұлғайды. Жаңа технологияларды енгізудің арқасында өнімділік бес есеге – 60-70 центнерден 300-350-ге дейін өсті.

Тұрақтандыру қорларында көкөніс қорларын қалыптастыру, өндірушілермен меморандумдарға қол қою және мемлекеттік қолдау шараларының арқасында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының өсуі тұрақтандырылды. 11 айдың қорытындысы бойынша азық-түлік инфляциясының деңгейі 7,5 пайыз болды.

"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ желісі бойынша АӨК нысандарына несие беруге 461,6 миллиард теңге, оның ішінде "Аграрлық несие корпорация" АҚ арқылы 318,6 миллиард теңге және "ҚазАгроҚаржы" АҚ арқылы 143 миллиард теңге бағытталды.

Шемонаиха ауданындағы "Рулиха" шаруа қожалығы "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ несиесінің арқасында жақсы сүт беретін голштин тұқымынан 600 сиыр сатып алды. Әр сиыр тәулігіне майлылығы 4,5% 30 литрден астам сүт береді.

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ қаражаты есебінен Қостанай облысында сыйымдылығы 6 мың тонна көкөніс қоймасы іске қосылды. Қоймалар заманауи салқындату және желдету қондырғыларымен жабдықталған.

Биылғы ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет отандық фермерлерге қосымша қолдау көрсету жөнінде бірқатар шараларды қабылдады:

  • Үкімет Жамбыл облысындағы құрғақшылықтан зардап шеккен фермерлерге келтірілген залалды өтеуге 3,7 миллиард теңгеден астам қаражат бөлді.
  • Бидайды кептіру үшін 62,5 мың тонна көлемінде жеңілдікпен дизель отыны бөлініп, оның литрі 250 теңгеге берілді, бұл нарықтан 15 пайызға төмен;
  • "Бәйтерек" холдингінің қаржы институттары тауар өндірушілерге қатысты айыппұл санкцияларын қолданбай, несиелер мен қарыздарды ұзартуды жүзеге асыруда;
  • фермерлер үшін нарықтық деңгейде 3-санаттағы бидай үшін 120 мың теңге және 4-санаттағы бидай үшін 105 мың теңге мөлшерінде баға белгіленді;
  • Үкімет резервінен 31,3 миллиард теңге бөлінді, олар 350 мың тонна бидайды тікелей сатып алуға жұмсалмақ;
  • 400 мың тоннаға жуық көлемде жұмсақ бидайдың тұқым қоры қалыптасады.

Осылайша, 2023 жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға және қолдауға мемлекет шамамен 1,2 триллион теңге қаражат бөлді. Жалпы қабылданған шаралар фермерлердің қаржылық жағдайын жақсартады және оларға 2024 жылғы егіс науқанына уақытылы дайындалуға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети