"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы былтыр қазақстандық автожолдардың ақылы учаскелері "тапқан" соманы атады. Бүгінге дейін республикалық маңызы бар 3,2 мың шақырым жолда ақылы қозғалыс ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылы 17 ақылы учаске бойынша жүргізушілерден 30 миллиард теңгеден аса қаражат алынды. Ақша ақылы учаскелерді күтіп ұстауға және жөндеуге, ақы алу жүйесін ұстауға, инвестицияны қайтаруға және жол жөндеу техникасын алуға бөлінеді.
"Жыл сайынғы аудиторлық есеп жүргізіліп, таза пайда анықталғаннан кейін 80 пайызы республикалық бюджетке төленеді, 20 пайызы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясында жол саласын дамыту үшін қалады", - деп түсіндірді компания.
Сондай-ақ, жол жүру ақысын Көлік министрлігі бекітетінін және айлық есептік көрсеткішке байланысты екені айтылды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!